• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 17:03:35
Алматы
+12°

23 Қазан, 2023 Барлық аймақтар

Жүгір немесе Өл!

Балаларды өлімге итермелейтін жаңа ойын түрі шықты

Ашық дереккөзден алынды

Әлеуметтік желілерде балалардың көліктің жолын кесіп, жүгіретін жаңа ойын түрі шыққан екен. Мәселен, бала жолда келе жатқан көлікті тосып тұрады екен де, көлік жақындағанда көшенің арғы бетіне жолды кесіп, жүгіріп өтеді. Ал қалған балалар бұл қауіпті әрекетті бақылап тұрады. Жолды кесіп өтіп аман қалған ойыншы жеңімпаз атанады.

Кім кінәлі болады?

бұл қауіпті ойынды балалардың өзі әдейі ұйымдастырса да, қайғылы жағдай болғанда, балалар емес жүргізушілер кінәлі болады екен. Бұған қатысты заңгер Бағдат Амандосұлы: "Факті бойынша көлік жүргізушісі ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша яғни Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу бойынша жауапты болады. Себебі ҚР Азаматтық кодексінің 931-бабының 1 бөлігі бойынша жоғары қауiптiлiкпен байланысты көлік құралдарының иелерi егер зиян дүлей күштердiң немесе жәбiрленушiнiң терiс пиғылының салдарынан пайда болғанын дәлелдемесе, онда жоғары қауiптiлiк көздерiмен келтiрген зиянды өтеуге мiндеттi болып табылады, – дейді заңгер. 

Мұндай қауіпті ойын Қазақстанның бірнеше қалаларында болып жатыр. Тіпті түнгі уақытта да жасөспірімдердің мұндай қауіпті ойынмен ойнап жүргені жайлы бейнежазбалар әлеуметтік желілерде көп таралып жатыр. Мысалыға, Ақтаудағы оқиға бойынша балалар көліктің алдын кесемін деп, көлік астына түсуге шақ қалса, Рудныйда кішкентай баланы көлік қағып, қайғылы жағдайға душар болған.  

Бұған дейін «Жүгір не Өл!» ойыны Ресей, Беларусь. Украинада болған екен.

Бифат Елтаева

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір