• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 00:56:20
Алматы
+12°

Қазір елімізде 8,4  миллионнан астам адамның қарызы бар. Бұл туралы Ерлан Жақанұлы мәжілісте өткен парламенттік тыңдауда мәлімдеді.

Оның айтуынша қазір халықтың қаржылық сауатының төмендігі мен несиеге тәуелділігі үлкен проблемаға айналып отыр. 

"Жасыратыны жоқ, қазір банктерден шектеусіз кредит алып, қарызға белшесінен батып отырған азаматтарымыз көп. "Халық несие қамытын киіп отыр" десе де болады Қазіргі уақытта халықтың 84 пайызында, яғни 8,4  миллионнан астам адамның қарызы бар екен. Соңғы бір жарым жыл ішінде бұл көрсеткіш 27 пайызға өскен. 90 күннен кешіктірілген қарыз көлемі –шамамен 1,4 трлн. теңге. Яғни, 1,7 миллион адам қарызын уақытылы төлей алмай отыр деген сөз. Осының бәрі несие проблемасының қаншалықты асқынып кеткенін көрсетеді", дейді Ерлан Жақанұлы. 

Сондай-ақ Ерлан Қошанов жасөспірімдердің онлайн кредит алатыны туралы да айтып өтті. 

"14-16 жастағы жасөспірімдердің кредит алуы үшін смартфон мен интернет жеткілікті. Мұндай жасөспірімдер қаржылық жауапкершілікті сезіне ала ма? Олардың төлей алмаған несиесін әке-шешесі, ата-әжесі төлейді", деді ол. 

Бүгін мәжілісте халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту және қаржылық сауаттылықты арттыру туралы парламенттік тыңдау өтіп жатыр. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір