• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 05:22:48
Алматы
+12°

Америкалық отбасы асырап алған тараздық Сардар Бекнұрұлы 3 жылдан бері туған ата-анасын іздеп жүр. 1999 жылы туған Сардарды бір жылдан кейін америкалық отбасы  Брюс пен Сюзан асырап алып, Юта штатына көшеді. Олар Тараз қаласынан тек Сардарды ғана емес тағы да 2 қызды асырап алған. Қазір Сардардың 9 бауыры бар. Асырап алған ата-ана оның атын өзгертпеген. Тегі өзгеріске ұшыраған Сардар енді шыққан тегін білсем, ата-анасын танысам дейді. 

Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі Пол Сардар Бапкокпен сөйлесіп, қазіргі отбасы, Қазақстанға сапары және ата-анасын іздеуге не себеп болғанын сұрап көрді. 

Сардар қазіргі отбасың туралы,  өзің туралы айтып берсең? 

Менің 9 бауырым бар. Мені тәрбиелеп, өсірген ата-анам – америкалық. Әкемнің аты Брюс, анамның аты Сюзан. Мені өте жақсы отбасы асырап алды. Олар 5 баланы дүниеге әкелсе де, тағы 5 бала асырап алған. 2 әпкем – қазақстандық, 2 ағам – Тайваньда туған.

Қазір Юта штатындағы университетте халықаралық қатынастар мен саяси ғылым мамандығы бойынша білім алып жатырмын. Спорт пен музыкаға қатты қызығамын. Волейбол мен баскетбол ойнаймын. Сондай-ақ пианино, барабан, скрипкада ойнай аламын. 

аол

Америкалық отбасыңның асырап алғанын қашан білдің?

Бұл туралы кішкентай кезімде білдім. Себебі ата-анам барлық жағдайды ерте жастан түсіндіріп, айтып берді. Әрине өзімнің түр-сипатым америкалықтарға ұқсамайтын. Сол себепті шындықты ерте ме кеш пе білетін едім. Шамамен 3-4 жасымда америкалық отбасымның асырап алғанын білдім. 

слыд

Биологиялық ата-анаңды іздеуіңе не себеп болды? Америкадағы қазіргі ата-анаң қалай қабылдады? Қарсы болмады ма?

Мен секілді асыранды балалар өзінің тегі туралы көп ойланады. Қайда дүниеге келдім, ата-анам кім деген секілді сұрақтар үнемі мазалайды. Осындай жауапсыз сұрақтар маған мотивация болды. Мені тәрбиелеп, өсірген қазіргі ата-анам да керемет жандар. Алайда мен үшін жұмбақ болып қалған өзімнің бір бөлшегімді, яғни, ата-анамды көргім, танысқым келеді. Туған ата-анамды тапқанда ғана өзімнің кім екенімді аз да болса түсініп, өміріме мән кіретін секілді. Әрине, америкалық отбасым мені толықтай қолдады. Олар маған "Сен қазақтың құсысың. Ұшып келген жерің туралы білуге құқылысың. Біз қолдан келгенше көмектесеміз", деді. 

ьыдлф

2020 жылдан бастап ата-анамды іздеп жүрмін. Қазіргі әке-шешем туу туралы куәлігімді, асырап алғаны жөнінде құжаттарды берді. Өзіме қатысты барлық құжаттарды қарап шықтым. Құжаттарды қазақстандық журналистерге, маған көмектескісі келген ұйымдарға көрсеттім. 

Туған анамның есімі Баймаханова Эльмира Қалмаханбетқызы, ал әкемнің аты-жөні Баймаханов Бекнұр. Оларды табамын деп үміттенемін. Туған әке-шешеммен танысып, өз оқиғамды толық білгім келеді. Оларды түсінгім келеді. 

Егер ата-анаң табылса Қазақстанға көшіп келу ойыңда бар ма? 

Қазақстандағы отбасыммен қауышсам, көшіп келіп, өмір бойы Қазақстанда тұрамын деп айта алмаймын. Көп нәрсені үйренгім, білгім келеді. Мәдениетімен танысқым келеді. Әрине, Қазақстанда өмір сүрсем де керемет болар еді. Әзірге, ол жағын ойламадым...

ьлды

Қазақстанға ата-анаңды іздеу үшін келіпсің.  Қандай сезімде болдың? Қазақша үйрену ойыңда бар ма?

Иә, мамыр айында 3 аптадай Қазақстанда болдым. Бұл мен үшін ғажап сапар болды. Көп тәжірибе жинадым. Ұшақ қонғаннан кейін аэропорттан қазақтарды көрдім. Бұл қандай сезім екенін білесің бе? Америкада қазақтар аз болған соң мұндай сезімді бастан өткермедім. Себебі өзіме ұқсас адамдар аз болды. Бұл сезімді сөзбен жеткізу мүмкін емес. Ғажап! Қалаларды аралап, серуендеген қатты ұнады. Алматы, Тараз, Павлодар және Астана қаласына бардым. Түрлі тағамдардың дәмін татып көрдім. Қазақстан туралы көп мәлімет білдім. 

Қазақстанға уақытша көшіп, қазақ тілінде еркін сөйлеуді үйренгім келеді. Жаңа тіл үйренгенге құмармын. Қазақ тілінде еркін сөйлеп кетсем, жақсы болар еді. 

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір