• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 02:58:05
Алматы
+35°

12 Қазан, 2023 Барлық аймақтар

Тағы бір жерден Назарбаев атауы алынды

Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі ұлттық университеттен алынады. Бұдан былай ЖОО Ұлттық Қорғаныс университеті деп аталады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

ашық дереккөзден алынды

Астана қаласындағы Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен аталатын Ұлттық қорғаныс университетінен «ҚР тұңғыш президенті – Елбасы» деген сөздер алынып тасталынатын болды. Бұл туралы Cенат депутаты Бекбол Орынбасаров айтты.

Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық қордан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Сенат отырысында сенатор Бекбол Орынбасаров Астанадағы ұлттық әскери университеттің атауы өзгеретінін атап өтті.

  • Бұрын жоғары оқу орны Қазақстан Республикасы тұңғыш президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс универитеті деп аталса, енді Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс универитеті деп аталады, - деп нақтылады Бекбол Орынбасаров.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір