12 Қазан, 2023 Барлық аймақтар
Енді қазақстандықтар -ОВ пен -ЕВ-тан оңай құтыла алады
Қазақстандықтар аты-жөнін eGov арқылы ауыстыра алады
Егов сайтынан алынды
Қазақстандықтар енді аты-жөнін, туу туралы куәлік пен некені қию, бұзу, бала асырап алу және қайтыс болған адам туралы актілік жазбаларға үкіметтің электронды порталында онлайн өзгеріс енгізе алады.
Сондай-ақ «ҰАТ» АҚ Қоғаммен байланыс басқармасы мәліметінше, жаңа қызмет жеткілікті негіздер мен мүдделі тұлғалар арасында дау болмаған кезде ғана құжаттарға өзгерістер енгізуді көздейді. Мәселен, атын, тегін және әкесінің атын өзгерту секілді өтінімдер кіреді.
- «Азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» жаңа қызметінің көмегімен актілік жазбаларға өзгерістер енгізу және құжаттарды қайта шығару үшін негіздерді көрсетіп, растайтын құжаттарды тіркеу арқылы өтінім беруге болады», – делінген хабарламада.
Осы орайда, қандай жағдайларда құжаттарға өзгертулер енгізуге болады?, – деген сұраққа «ҰАТ» АҚ Қоғаммен байланыс басқармасы төмендегідей жауаптарды берді.
- Тегін, атын және әкесінің атын өзгерту кезінде;
- Әке болуды анықтау туралы сот шешімінің күші жойылған жағдайда;
- Некеде тұрмаған ананың өтініші бойынша баланың тууы туралы жазбаға баланың әкесі туралы мәліметтерді енгізуге;
Егер азаматтық хал актiсiн тiркеу кезiнде қателер (бұрмалаулар, мәлiметтердiң немесе жекелеген сөздердiң түсiнiшiнiң болмауы) жол берiлсе;
- Азаматтық хал актілерін жазудағы қателікті сот талқылауында анықтаған кезде;
- Некенің бұзылуына немесе неке жарамсыз деп танылуына байланысты жұбайының (зайыбының) тегін өзгерту кезінде;
- Соттың бала асырап алудың (асырап алудың) күшін жою немесе жарамсыз деп тану, сондай-ақ некені жарамсыз деп тану туралы шешіміне байланысты;
- Ұлтын ауыстырған кезде;
Ата-анасының тегі мен әкесінің атының өзгеруіне байланысты кәмелетке толмаған баланың тегі мен әкесінің атын өзгерту кезінде және т.б.
Азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуге өтініш беру үшін сізге:
• eGov.kz порталына кілт арқылы кіріңіз;
• қажетті қызмет түрін таңдаңыз;
• өзгерістер енгізу үшін негіздерді таңдаңыз;
• куәлік беретін ХҚКО филиалын таңдаңыз;
• отбасы жағдайы мен табыс көзін көрсетіңіз;
• өзгертулер енгізу қажет актілік жазбаның нөмірі мен тіркелген күнін көрсетіңіз;
• актілік жазба үшін қандай өзгерістер, түзетулер, толықтырулар қажет екенін көрсетіңіз;
• өзгерістер енгізу үшін растайтын құжатты тіркеңіз;
• төлем жасаңыз;
• сұранымға қол қойыңыз.
Өтінім нәтижесі eGov.kz порталының мәртебелік бетінде және жеке кабинетінде хабарлама түрінде пайда болады. Дайын құжатты өтінімде көрсетілген ХҚКО-дан алу қажет.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір