• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 22:19:48
Алматы
+7°

12 Қазан, 2023 Барлық аймақтар

Не болды? Кедей неге көбейіп барады?

Елімізде аз қамтылған отбасылардың саны бүгінде 177,8 мыңнан асады. Бұл миллион адам болар.

Ашық дереккөзден алынған

Ranking.kz есебінше, өңірлік бөліністе табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын отбасылардың көбі Түркістан облысында тіркелген, 27 мың отбасы. Одан кейін Алматы облысы 98,1 мың адам, Шымкент – 76,8 мың адам.

 

Халық шынымен кедейленіп бара ма?

Qamshy.kz агенттігіне экономист Сәбит Рысбаев былай жауап берді:

– Бізде кедейленудің нақты статистикасы қарастырылмаған. Ол үшін нақты есепті білу керек. Елімізде ең төменгі жалақы мөлшері өсті. Басқа да жағдайлар жасалып жатыр. Біздің бюджеттің 70-80 пайызынан астамы әлеуметтік салаларға кетеді. Бірақ соның өзінде кедейшілік азаймай тұр. Себебі, жалған ақпараттар өте көп. Соның өзі кедейшіліктің артуына септігін тигізуде. Кімнің бай, кімнің кедей, кімнің ақшасы көп, кімдікі аз екенін нақты анықтай алмай жатырмыз. Өйткені біздегі статистика өтірік. Инфляцияның деңгейіне қарай зейнеткерлердің, әлеуметтік осал топтағылардың, тағы басқаларының ақысы, басқа да әлеуметтік салаларға бөлінетін ақшаны инфляцияның деңгейіне қарай көбейіп отыру керек. Адамдар инфляцияны сезбей қалуы тиіс. Бізде ресми инфляция 7-8 болғанымен, бейресми 25-30 болады да, халық инфляцияны қуып жете алмай келеді. Ендеше ең алдымен нақты инфляцияны анықтау керек.

күнкөріс деңгейі

Байлардың байи түсетіні, кедейдің кедейлене беретіні – капитализмнің басты заңдылығы. Десек те, әр мемлекет өз бағыттарын айқындап алады. Біз де әлем елдері секілді мақсатымызды айқындап алуымыз керек. Мысалы, Қытай соңғы 30 жылдан бері кедейлікпен күресіп, оның алдын алып келеді. Ал бізде кедейлер саны жылдан жылға көбейіп келді. Инфляция өскен сайын халық табысының барған сайын көп бөлігі азық-түлікке кетеді, – дейді ол.

Күнкөріс деңгейі белгіленген қалалар көрсеткіші

Сонымен қатар экономист соңғы жылдары несие, автонесие мен ипотеканың пайызы өсіп кеткендіктен халық ақшасын ештеңеге жеткізе алмай жатқанын жеткізді. Қазақстанда Қытайдағыдай қаптаған зауыт жоқ. Билік жұмыс орнын ашамыз деп кәсіпкерлікті дамытуға тырысып жатқанымен, негізгі ақша көлденең біреулердің қалтасына кетуде. Субсидия жағында да солай. Мәселе көп, оңтайлы шешім жоқ. Ал қара халық шынымен кедейлікке келе жатыр.

Бифат Елтаева

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір