• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:12:38
Алматы
+12°

Бүгін Мәжілісте өткен отырыста депутат Жұлдыз Сүлейменова еліміздегі 800-ден астам мектепте асхана жоқ екенін айтты. 

"Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміздегі барлық бастауыш сынып оқушыларын тамақпен қамтамасыз ету міндеттелді. Халық арасында жоғары қолдау тапқан жоба болды. Қазір 1,5 млн бала мектепте тегін тамақпен қамтылып отыр. Десе де бұған қатысты сын айтылып жаты. Қазір 800-ден астам мектепте асхана жоқ", деді депутат.

Бұған қатысты Ғайни Бейсембаев жауап берді. Министр депутаттың ақпаратын растамады. Оның айтуынша, 591 мектепте асхана жоқ. 

"Асханасы жоқ мектептерге байланысты 591 мектепте асхана жоқ. Осы бағытта буфеттік және кейтринг бойынша тамақтандыру жүріп жатыр", деді министр. 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір