05 Қазан, 2023 Спорт
Фото: Ашық дереккөз
Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық каратэші Нұрқанат Әжіқанов чемпион атанды. Қазақстандық каратэші 75 келіге дейінгі салмақта иорданиялық Хасан Масарвехпен алтын жүлдені сарапқа салды.
Нұрқанат қарсыласын 8:0 есебімен айқын басымдықпен ұтып, Қазақстан қоржынына сегізінші алтын медальді салды.
Нұрқанат Әжіқанов – каратэден Токио олимпиадасының қатысушысы, әлем чемпионатынының 2 мәрте қола жүлдегері.
Бүгін, 5 қазанда Қазақстан үш алтын иеленді. Бұған дейін велоспорттан Евгений Федоров, джиу-джитсудан Нұржан Батырбеков Азия ойындарының чемпионы атанған. Қазір Қазақстан 8 алтын, 13 күміс, 37 қоламен 11-орыннан 10-орынға көтерілді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір