13 Қыркүйек, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Тек жыл басынан бері қаланың бес ауданында ғимараттар мен үйлердің қасбеттерінен дизайн кодына сай келмейтін үш мыңнан астам жарнамалық билбордтар, маңдайшалар мен дөңгелектердегі жарнамалар жойылды.
Астаналықтар мұндай өзгерістер қаланы заманауи және жайлы етеді деп санайды.
«Мен біздің қаланың әдемі қалпы үшін қуанамын, өйткені маңдайшалардың алынып тасталуы, бір қалыптағы үлгі, үйлерді ғана емес бүкіл қаланы көріктендіреді», - деп есептейді астаналық Айман Тұрдахинова.
«Жақсы жұмыстар жүргізілуде, сыртқы түрі ретке келтірілуде. Бұл өте дұрыс деп санаймын», - деді елорда тұрғыны Нұрман Рахимов.
Бес аудан әкімдігінің қызметкерлері заңсыз және сәйкес келмейтін жарнаманың дизайн-кодын түсіндіру және бөлшектеу бойынша тұрақты көшпелі іс-шаралар өткізеді. Кәсіпкерлермен тиісті әңгімелер жүргізіледі, дизайн-кодқа сәйкес келмейтін маңдайшаларды ауыстыру қажеттілігі туралы буклеттер беріледі.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың қаңтар айында Астананы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көше жарнамасын орналастыруға қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды күшейтуді тапсырған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір