• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 08:53:39
Алматы
+12°

03 Қазан, 2023 Барлық аймақтар

Қоғам белсенділері көлік министрлігін сотқа бермек

Қазан айынан бастап ақылы жол құны 20 пайызға қымбаттауына байланысты қоғам белсенділері наразылық білдірді.

Сурет ғаламтор желісінен алынды

Олардың айтуынша, басқарма жол ақысы үшін заңсыз ақша жинап, қазан айынан бастап төлем құнын жоғарылатып жатыр. Осыған орай, қоғам белсенділері «Көлік министрлігі ақылы жолдардағы тарифтерді 20%-ға көтеріп, кейін бағаны жыл сайын өсетін АЕК-ке байланыстыруды жоспарлап отыр. Бірақ бағасы сапаға сәйкес келе ме? Бұған біз бірауыздан «Жоқ» дейміз. Себебі, жол ақылы болғанымен де, жолдар жақсара қоймады. Жолдарда шұңқыр көп. Әрі жол бойында қызмет көрсетілмейді. Қыста да тазалық жұмыстары нашар» дейді.

Ал қауіпсіз жол қозғалысы қауымдастығының президенті Әрсен Шақуов: «Бізде балама жол жоқ. Ал ескі жолға тас жол салып, ақша алып жатыр. Бұл жалпы конституцияға қайшы екенін түсіну керек. мүмкін, сотқа шағым түсірерміз. Ақылы жол болса, сапасы бірдей тегін жол болуы керек, – десе, экономист Марат Абдурахманов:

  • Тауарлардың барлығы ірі қалалар мен елдімекендерге ақылы жолдар арқылы келеді. Соның салдарынан азық-түліктің де бағасы екі есеге өсетіні сөзсіз. Ал бағаның өсуі күнделікті тұтынатын сүт, ет, ұн, көкөніс секілді арзан тағамдардың бағасына әсер етпей қоймайды дейді.

Бұған дейін Көлік министрі Марат Қарабаев: «Үш элемент өзгеріп жатыр. Біріншіден, біз ақылы жол құнын 20 пайызға көтеріп жатырмыз. Екіншіден, ақылы жол тарифтерін айлық есептік көрсеткішпен байланыстырамыз. Яғни, жыл сайын АЕК өскен сайын, тариф те бірге көтеріліп отырады. Үшіншіден, екі жолақтықозғалысы бар жаңа учаскелерде тек жүк көліктері үшін ақы төлеуді енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр» деген болатын министр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір