03 Қазан, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Ақтаудағы "Оймаша" оқу полигонында жарылыс болып бір сарбаз қаза тапты, деп хабарлайды Lada.kz ақпарат агенттігі. Қазір осы жағдайға байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Қылмыстық кодекстің 453-бабы, 2-бөлігі (Қызметке салғырт қарау, адам өліміне әкеп соққан әрекет) бойынша іс қозғалды. Өлімнің нақты себебін анықтау мақсатында мәйітті ашып қараған. Қазіргі кезде сараптаманың нәтижесін күтіп отырмыз. Жарықшақтар табылған жағдайда қосымша сараптама тағайындалады. Себебі бөгде заттың құрамы мен шыққан жерін анықтау қажет", - деді Ақтау гарнизонының бас әскери прокуроры Ерлан Құтқожа.
Жарылыс полигонның оқу-жаттығулар өтетін жерде емес, басқа жағында болған. Сол кезде сарбаздар тұрмыстық күл-қоқысты жинап жүрген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір