• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Сәуір, 23:29:59
Алматы
+35°

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында тағы екі қазақстандық қола медальға ие болды. 

"Ханчжоуда (ҚХР) Азия ойындары-2022 аясында байдарка мен каноэ есуден ақтық сайыс жалғасуда. Қазақстан тағы екі медаль жеңіп алды. Тұғырдың екінші сатысына Мария Боровкова мен Руфина Искакова көтерілді. Олар ескек есуден финалда екінші болды (500 м). Қытай қанжығасында – бірінші орын. Үшінші орын – Тайландта", - делінген Ұлттық олимпиада комитетінің хабарламасында.

Айта кетері, Қазақстан қоржынына түскен қола жүлденің саны 24 медальге жетті. Бұдан бөлек, үш алтын мен бес күміс жүлдеміз бар.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір