29 Қыркүйек, 2023 Барлық аймақтар
Қазақстан Германиямен ынтымақтастықты нығайта түспек
Ел басшымыз Германияға сапарында Федералдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті, – деп хабарлайды Ақ Орда баспасөзі.
Фото: Ақ Орда сайтынан алынған
Тараптар Германия Президентінің таяуда Қазақстанға жасаған сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын қарастырды. Атап айтқанда, энергетика, транзит, логистика, пайдалы қазбаларды игеру, жаңартылатын энергия көздері, ауыл шаруашылығы және цифрландыру секілді ынтымақтастықтың басым бағыттарына қатысты бірлескен жұмыстарды талқылады.
Келіссөз барысында мәдени-гуманитарлық байланыстарды, сондай-ақ екі елдің ғылыми және білім беру ұйымдары арасындағы қатынастарды нығайту мәселесіне баса мән берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстан мен Германияның көпжақты ынтымақтастығын одан әрі нығайту үшін бірлескен іс-қимылдарды арттыра түсуге уағдаласты.
Мемлекет басшысы Германия Президентінің Bellevue резиденциясындағы Құрметті қонақтар кітабына естелік қолтаңба қалдырды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір