Нью-Йорк соты АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп пен оның ұлдарын жылдар бойы жалған есеп беріп, активтерін асыра көрсетіп келгені үшін кінәлі деп таныды. Трамп отбасы 10 жылға жуық уақыт бойы мемлекетке жалған есеп беріп келген.
Судья осылайша Трамптардың бірнеше рет алаяқтық жасағанын айтты. Банктер мен сақтандырушыларға жіберілген жылдық қаржылық есептер оның байлығын үнемі 2,26 млрд долларға, тағы бір көрсеткішпен 3,6 млрд долларға асыра көрсеткенін анықтады.
Бас прокурор 250 миллион доллар өтемақы талап етіп, Трамптарға бес жыл бойы іскерлік қызметке қатысуға тыйым салуды сұрады.
Ал Трамптың адвокаты әділетсіздікпен күресу үшін аппеляциялық арыз беретінін айтқан.
Бұған дейін Трамп өзінің кінәсіз екенін, тіпті түрмеге түсуі мүмкін екеніне алаңдамайтынын айтып сендірген болатын.
Пікір қалдыру
пікір