26 Қыркүйек, 2023 Барлық аймақтар
Бекболат Тілеухан ақшаны алып кетті – турфирма директоры сотта сөйледі
«Kausar Trevel» турфирмасына қатысты сот ісі аяқталды» деп хабарлайды Qamshy.kz ақпараттық агенттігі OTYRAR сайтына сілтеме жасап.
Фото: azattyq-ruhy.kz
Шымкентте үлкен сот процесі өтті. Сауд Арабиясындағы қасиетті мекенге барамыз деп алданған Алматы мен Шымкент тұрғындары фирмаға мың доллардан кем түспейтін ақша салған. Қажылыққа тіркелгендердің бір қатары елден ұшып кете алмаса, бір тобы шетелде қаражатсыз, ас-сусыз қалып қойды.
Сот басталар алдында сотталушы журналистермен сөйлесіп, істің жай-жапсарын бөліскісі келетінін білдірді.
«Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Шымкент қалалық ІІБ-не, құзырлы органдарға арыз жаздым. Бұл іске Бекболат Тілеухановты да қосу керек. Ол алданған адамдардың ақшасын түгел алып кеткен, бірақ қандай да бір себептермен бұл іс бойынша айыпталмай отыр», – деді сотталушы сот басталар алдында.
Сотта 300-ге жуық адам куәгер болды. Зардап шеккендер бұдан да көп болуы мүмкін. Сот отырысында прокурор 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.
«Соттың үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді», – деп үкімді судья Айнель Орақбаева оқыды.
Туристік агенттік директоры өз кінәсін мойындамады.
Естеріңізге сала кетейік, жанжал осы жылдың қаңтар айында болды. Сот процесі шілде айында басталды. Сот бұл іс бойынша жәбірленушілер мен куәгерлерден екі айға жуық жауап алған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір