26 Қыркүйек, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Семейдегі 4 жасар баланың өліміне қатысты жаңа деректер шықты. Күтушінің күйеуі баланың мәйітін жол бойындағы әжетханаға лақтырып кеткен. Бұл туралы "Не молчи" қорының әлеуметтік парақшасында жарияланды.
"Анасы баласын күтушіге қалдырған. Кейін анасына күтуші баланың танысының үйінде екенін айтқан. Кейін баланың қайтыс болғаны белгілі болды. Күтушінің айтуынша, бала ұстамадан қайтыс болған. Күйеуі қылмыс ізін жасыру үшін сәбидің мәйітін спорттық сөмкеге салып, тасжолдың бойындағы әжетханаға лақтырып жіберген. Бүгіндікке 2 бала қаза тапты. Жазда 5 жасар қыз кісі қолынан қаза тапты. Жақында елімізде бала қалмайды", деп жазылған хабарламада.
Қазір бұл іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір