26 Қыркүйек, 2023 Әлем
Фото: Ашық дереккөз
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров ұлы Адамның қамаудағы азаматты ұрып-соққан видеосын жариялады. Ол видеоның астына өз ұлымен мақтанатынын жеткізді. Бұл туралы ол өзінің Telegram арнасында жазған.
Видеода Қадыровтың ұлы қамауда отырған Никита Журавелді ұрып, тепкілегені байқалады. Ал Никита Журавел қарсылық білдірмей, қорғануға тырысқан. Қадыровтың айтуынша Никита Журавел Құран өртеп, қасиетті кітапқа құрметсіздік танытқан.
"Әлеуметтік желіде ұлым Адамның қасиетті Құран кітапты өртеген Никита Журавелді соққыға жыққаны жөнінде қызу талқылау болып жатыр. Бұл рас оқиға. Меніңше, қасиетті кітапты өртеген, құрметсіздік танытқан кез келген адам қатаң жазалануы тиіс. Ал ұлым Адамның ісін мақтан тұтамын", деп жазған Рамзан Қадыров.
Бұдан бөлек Рамзан Қадыров Никита Журавельді "Украина арнаулы қызметінің қолшоқпары" деп атаған. Ол "мемлекет толерантты, төзімді, бір-бірін құрметтейтін қоғам қалыптастырып жатқанда, Журавель сияқты арандатушылар кедергі жасайды", деп жазған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір