• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 17:30:31
Алматы
+12°

22 Қыркүйек, 2023 Барлық аймақтар

Қазақстандықтардың жеке деректері еркін таратылуда

Телеграм бот желісінде қазақстандықтардың жеке құпия деректері еркін таратылып жатыр. Ал деректерді алу үшін Ресей рублінде төлем жасау сұралынады екен.

Ғаламтор желісінен алынды

Яғни, белгісіз бот кез келген қазақстандықтың телефон нөмірі мен тұрақты мекенжайын, жұмыс орнын іздеген жанға оңай тауып беріп отырады. Бастапқыда бот өзіне жазылушыларды тарту мақсатында жеке деректерді тегін тауып берген. Кейінірек ол қызметтері ақылы түрге ауысқан. Онда да төлемді ресей рублінде төлеуді сұрайды. Бұған қатысты ҚР Цифрлы даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі әр азамат өзі туралы ақпаратты әлеуметтік желідегі парақшалары мен түрлі онлайн платформалар арқылы көрсеткендіктен, олар туралы жеке деректері де қолжетімді болатынын айтады.

  • Қазіргі уақытта министрлік дербес деректердің тарағаны үшін жауапкершілікті қатаңдату жөнінде шаралар қабылдап жатыр. Telegram боттар тұрғылықты мекенжайлары бойынша ескі мәліметтерді көрсетеді. Сонымен қатар кейбір мекенжайлар жалпыға қолжетімді көздерде немесе тауарлар мен қызметтерді жеткізу желілерінде көрсетілуі мүмкін, – дейді министрлік. 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір