• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Қыркүйек, 00:49:16
Алматы
+35°

20 Қыркүйек, 2023 Барлық аймақтар

Ерлан Саиров: Куәгерлер РОП операторының түпкі бенефициары Әлия Назарбаева деп көрсетті

Бұл туралы Мәжіліс депутаты «AMANAT» партиясының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республикалық кеңестің Атырау қаласында өткен көшпелі отырысы барысында айтты.

Фото: ашық дерек көздерінен алынған

Е. Саировтың айтуынша, партия жанындағы Кеңестің мүшелері республикаға белгілі заңгерлер, мемлекет қайраткерлері мен қоғам белсенділері және депутаттар. Кеңестің жұмысы барысында өңірлердегі проблемаларға ғана емес, бүгінде өзекті болып отырған елдегі мәселелерге баса мән береді. Осы орайда Кеңес төрағасы жиналғандардың назарын РОП операторына қатысты мәселеге аударды.  

«Әділетті Қазақстанның кірпіші заңды орындаудағы шындықтан құралады. Барлығы заң және заңды құқыққа сәйкес болуы керек. Баршамызға белгілі жақында РОП деп аталатын ұйым басшыларының бірқатары қылмыстық жауапқа тартылды. Сот барысында көптеген куәгерлер жемқорлыққа қаржының түпкі бенефициары Әлия Назарбаева деп көрсетті. Бірақ сот та, Бас прокуратура өкілдері де сот процесінде бұл азаматтардың уәжіне ешқандай назар аудармады. Егер Қазақстанда әділетті қоғам орнатамыз десек, әрбір азамат өзінің кінәсіздігін сотқа келіп дәлелдеуі қажет», - деді депутат. 

Сондай-ақ ол азаматтардың уәжін міндетті түрде Бас прокуратураға жеткізетінін және бұл мәселе Кеңестің бақылауында болатынын жеткізді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір