• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 21:01:21
Алматы
+35°

19 Қыркүйек, 2023 Әлеумет

Назарбаев атындағы көшелер қала бере ме?

Оның атының аталуын жақтырмайтындар қайтпек?

Фото: "Медиазона"

Сарапшы, қоғам белсендісі Қазбек Бейсебаевқа Алматыдағы "Жібек жолы" стансасының алдында бір жігіт жақындап келіп, сұраған екен:

– Кешіресіз, Назарбаев көшесі қай жақта?

"Оның атын атамашы", – дедім де, ана жақта деп көрсеттім, дейді пост авторы.

Жігіт біраз сасып қалды да, сосын қолындағы телефонын көрсетіп: "ренжімеңіз аға, солай жазылып тұр", деп ақталыпты.

"Мұнда сенің де, менің кінәм жоқ" деп, метроға кіріп кеткен сарапшы "Негізінде сол көшенің атауы туралы сұрақты тағы көтеру керек", деген ой тастапты.

Рас-ау, бұл қазақ үшін маңызды сұрақ!

  • Назарбаев атындағы көшелер Қазақстанда тұра бере ме?
  • Егер тұра берсе, бұл еліміздің бар саясаты да, бағыты да бұрынғы сүрлеуіне қайта түседі дегенді меңзеу ме?

Бас қалаға сұмдық пафоспен берілген Нұр-Сұлтан атауын қаңтар оқиғасынан кейін жалма-жан алып тастады "Жаңа Қазақстан" билігі. Талдықорғанда құлаған ескерткішті орнына қайта орнатпады.

Бірақ Астана әуежайында Назарбаевтың есімі қалды, Алматыдағы Назарбаев көшесіндегі тақтайшаларды халық шағып тастаса да, қала билігі қалпына келтіріп қойды.

Қолға алған ісінің бәрін шала атқарып, соңына дейін тындырмайтын билік бұл жерде де Назарбаевтың мұрасынан арылуды адуынмен бастап, ақыр соңында артқа шегініп қалды-ау.

Тарихта болғаны рас, тұлға болғаны рас, бірақ кез-келген дені дұрыс ұлт өз тарихының жаманын жасырып, жақсылығын асыруға ұмтылмай ма?

Қазақстан көшелерінен Назарбаевтың есімін алып тастасақ, Тоқаев пен Досаевқа "қарапайым зейнеткер" Назарбаев келіп әкіреңдемейтін шығар?

Қысқасы, бұл мәселені әлі де көтеру керек. Назарбаев есімінің орнына лайық атау да дайын: былтыр "Oyan, Qazaqstan" қозғалысы Алматыдағы Назарбаев даңғылын Қаңтар деп өзгертуді талап етіп акция өткізгені бар. 

Әйтпесе әне, әлі де көңілі көншімей жүрген қазақтар бар екен!

Айдын Олжай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір