• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 09:18:53
Алматы
+35°

18 Қыркүйек, 2023 Барлық аймақтар

Жалғыз қазақ мектебі жабылды

Риддердегі жалғыз қазақ мектебіне ескі ғимараттар ғана берілген еді. Ол да жабылып тынды

ашық дереккөздерден алынды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында 16 мектеп болса, соның біреуі ғана қазақ мектебі. Оның өзі сонау 1936 жыл мен 1958 жылдардағы қабырғасы сөгілген ескі 2 ғимаратта орналасқан.

Биыл ескі ғимараттардың шатырының кез келген уақытта опырылып түсуі мүмкін екеніне әрі жөндеу жұмыстарына қажетті бюджет қарастырылмағандықтан, мектеп жабылды.

Бұған дейінде Риддер қаласының тұрғындары қазақша білім беретін мектепке жаңа ғимарат беру мәселесін жылдар бойы көтеріп келген. Бірақ құмға су сепкендей» тұрғындардың өтінішіне жергілікті биліктегілер пысқырып та қарамаған.

  • 2012 жылы Риддер қаласына көшіп келгенімде, бұл мектептің қабырғасы жарылып жатқан. Сонда мектептегі мұғалімдер мен директоры да қосылып, жарық қабырғаны жамағанбыз. Міне, енді мектебіміз әбден тозды. Балаларымызды аралас мектептерге бергіміз келмейді. Олар тек таза қазақ тілінде оқыса дейміз. Мектеп мұғалімдерінің білім беру деңгейлері өте жоғары. Өкінішке орай, өңірімізде қазақ мектептеріне көңіл бөлу өте төмен, – дейді Риддер қаласының тұрғыны Серікқазы Шәкіров.

Айта кетсек, «Шаңырақ» мектебі жабылмас бұрын онда 580 бала білім алып келген. Әрі мектепте қазақ тілінде білім беретін сауатты кадрлар да жеткілікті. Тұрғындардың пікірінше, қанша жерден мектеп тозса да, мектеп оқушылары білім, спорт жағынан республикалық жарыстарға қатысып, кубок, медальдар иеленіп, жақсы көрсеткіштер көрсетіп келгенін айтады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір