15 Қыркүйек, 2023 Барлық аймақтар
Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесі өтті
Тәжікстанда Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Фото: akorda.kz сайтынан алынған
Саммит қорытындысы бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды:
1. Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының Душанбе мәлімдемесі;
2. Тәжікстан Республикасының Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалығының қорытындылары туралы Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының шешімі;
3. Халықаралық Аралды құтқару қорының ұйымдық құрылымын және шарттық-құқықтық базасын жетілдіру жөніндегі қызмет туралы Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының шешімі;
4. Халықаралық Аралды құтқару қорының Президентін сайлау туралы Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшыларының шешімі.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Республикасында жұмыс сапарымен жүр.
Президент Халықаралық Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесі отырысына қатысып, баяндама жасағаны хабарланған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір