• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 21:50:27
Алматы
+12°

Таразада қаңтар оқиғасы кезінде әрекет етпеген полиция қызметкерлеріне сот үкімі шықты. Бұл іс бойынша құқық қорғау органдарының 5 қызметкеріне айып тағылды, деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

"2022 жылы қаңтардың алтысына қараған түні Тараз қаласының полиция басқармасы мен Жамбыл облысының полиция департаментіне жаппай тәртіпсіздікке қатысушылар шабуыл жасалған. Бұл ретте Ішкі істер органдарының лауазымды тұлғаларының әрекетсіздігінен арттехқұрылғылар (тапаншалар, оқ-дәрілер, арнайы құралдар және т.б.) ұрланып, жоғалып кеткен. Сонын кесірінен мемлекетке аса ірі мөлшерде материалдық залал келді", - делінген іс материалдарында.

Сот үкімімен Тараз полиция басқармасының бұрынғы бастығы Асылхан Зәуірбеков, Жамбыл облысы полиция департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Фахриддин Шанкаров және тыл басқармасы бастығы Ноян Қиымбеков 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Үш азаматқа да өмір бойына мемлекеттік органдарда қызмет атқаруға тыйым салынды.

Сәбит Оразов 3 жылға сотталып, рақымшылық бойынша жазасынан босатылды. Ал Мақсат Төребеков кінәсіз деп танылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір