• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:20:24
+12°

Ұлытау облысындағы Қаражал өңірінің тұрғыны 28 жастағы Арайлым есімді қалыңдығы мінген көлікті соғып, жол жиегіне шығарып жіберген. Аталған оқиға Қаражал-Қарағанды ​​тас жолында болды. 

Қаза тапқан қыз бен күдікті жігіт жақын арада некесін қидырмақ болған. Алайда туыстары араларында келіспеушіліктер туындап, жігіт қызды күнде ұрып-соғатынын айтқан. Қайғылы оқиғадан бұрын қыз ата-анасына телефон соғып, оны алып кетуін өтінеді. Бірақ оны үйіне алып бара жатқанда, Қаражалдан Қарағандыға қарай шыға берістегі тасжолда мас күйеу жігіт оларды тоқтатып, көліктерінің терезелерін темір құбырмен сындырған.

Кейін көліктегілер полицияға бармақ болады. Алайда ішімдікке тойып алған күйеу жігіт көліктің артынан қалмай, артқы бамперін және сол жақ қапталынан келіп соққан. Көлік аударылып, арыққа түсіп кеткен. Арайлым оқиға орнында қаза тауып, анасы мен ағасының достары жарақат алған.  

"5 тамызда бес жолаушысы бар көлік жол апатына түсіп, Қаражал қаласының полиция бөлімінде 345-бап 2-бөлігі бойынша "Абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан Жол қозғалысы ережелерін бұзу" тіркелді. 18 тамызда 28 жастағы жәбірленушінің қаза болуына байланысты іс 345 - бап 3-бөлігіне "абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол ережесін бұзу" қайта қаралған, - деп хабарлады Ұлытау облысы ПД баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, соталды тергеп-тексеру барысында тиісті сот сараптамалары тағайындалған. 6 қыркүйекте сараптама қорытындысы алынғаннан кейін қылмыстық іс 99-бап 1-бөлігі "адам өлтіру" бойынша қайта қаралған.

"Басқа зардап шеккендерге қатысты Қылмыстық Кодекстің 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша "екі және одан да көп адамды өлтіруге қастандық жасау" бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық істі тергеуді ПД мен облыс прокуратурасының басшылығы бақылауға алды", - деді ведомство өкілдері.

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір