• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 21:13:06
Алматы
+12°

Ақмола облысында сібір жарасын жұқтырған 5 науқас анықталды деп хабарлайды Sputnik Казахстан. Қазіргі уақытта Есіл аудандық ауруханасында 15 адам ем қабылдап жатыр.

Медициналық орталықтың бас дәрігері Мұхтар Томтаев науқастардың жағдайы бірқалыпты, өмірлеріне қауіп жоқ екенін айтты. Бұған дейін ауыр жағдайда ауруханаға түскен науқастың да денсаулығы қалыпқа келген.

"Хаттамаға сәйкес, ауруханадағы ем 14 күнге созылады. Сондай-ақ облыстық денсаулық сақтау басқармасына біздің жұқпалы аурулар бөлімшесінде 15 төсек-орын барын ескерттік. Ал қалған науқастарды жақын маңдағы басқа ауруханаларға жіберетін боламыз", - деді бас дәрігер.

Бұл дерт 29 тамызда Ақмола облысы Жарқайың ауданы Үшқарасу ауылында тіркелген. Сырқаттың белгілері:

  • жоғары не тұрақты 37,9 ͦ С көрсеткішінен төмен түспейтін температура;
  • қол мен білектегі жаралар;
  • лимфа түйіндерінің ісінуі;
  • жалпы әлсіздік;
  • тәбеттің болмауы.

Науқастардың барлығы 3 мыңнан астам мал басы өлген "Үшқарасу" шаруа қожалығындағы етті жегені белгілі болды.  Ауылда әлі де карантин жалғасуда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір