• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 11:23:29
Алматы
+12°

Қазақстанда еркектердің жалақысы әйелдерге қарағанда 34%-ға көп. Бұл туралы finprom.kz хабарлады.

2022 жылы еркектердің орташа айлығы 355,3 мың теңге болса, әйелдердікі 265,8 мың теңге болған. Жалақыдағы айырмашылық деңгейі — 33,7%.

Кей өңірде жалақы алшақтығы бұдан да жоғары. Маңғыстау облысында ерлердің жалақысы әйелдерден 2 есеге, Атырауда – 86%-ға, Ұлытауда – 68%-ға артық.

Қазақстан бойынша Жетісу облысында ғана әйелдердің жалақысы ерлерден көбірек. Оның өзінде 3,1%-ға ғана. Жалақыдағы ең аз айырмашылық Жамбыл (1,9%), Алматы (2,5%) және Солтүстік Қазақстан (5,5%) облыстарында тіркелген.

ген

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: гендерлік теңдік

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір