• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:09:25
Алматы
+12°

Қазақстан ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Атбасардағы түрмеде азапталған белсенді Тимур Дәнебаевтың ісі бойынша қызметтік тергеу басталғанын хабарлады. 

"Желіде тараған видеода ҚАЖД әкімшілік мекемесінің заңды талабына бағынбау фактісінің жолын кесуде қызметкерлердің қызметтік жағдайын асыра пайдаланғаны байқалады", –  деп хабарлады комитет.

Қазіргі уақытта колония қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр. Комитет тексеру қорытындысы бойынша шешім шығаратын болады. 

Еске сала кетейік, Тимур Дәнебаев – Қаңтар оқиғасынан кейін "20 мың террорист туралы жалған ақпарат таратты" деп президент Тоқаевтың үстінен арыз жазбақ болған. Украинадағы соғысқа қарсы пікір айтқан белсенді былтыр желтоқсанда "ұлтаралық араздық қоздырды" деген күдікпен қамалған еді. Астана соты 15 маусымда белсендіні үш жылға бостандығынан айырған болатын. 

3 қыркүйек күні әлеуметтік желіде түрме қызметкерлері әжетхана жуудан бас тартқан Тимур Дәнебаевты ұрып-соғып, қинаған видеосы тарады. Оқиға 24 тамызда Ақмола облысы Атбасар қаласындағы колонияда түсірілген. Видеода колония қызметкерлері сотталушыны дубинкамен ұрғанын көруге болады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір