• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 21:16:39
Алматы
+12°

Аланияда қазақстандық журналист Арайлым Нұғманова мен оның екі жасар қызы жол апатынан қаза тапты. Бұл туралы TRT Haber арнасы хабарлады. Қазір марқұмның күйеуі ауруханада ауыр жағдайда жатыр.

Оқиға 3 қыркүйек күні Махмутлар аймағындағы D-400 Газипаша-Анталия тас жолында болған. Түркия азаматы жүргізіп отырған сафари көлігі бір бағытта келе жатқан көлікке соқтығысқан. Көліуте отырған қазақстандық Арайлым Нұғманова оқиға орнында, ал оның екі жасар қызы ауруханада көз жұмған.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында марқұмның күйеуі Арайлым Нұғманованың ауруханада ауыр халде жатқанын жазды.

"Анталиядан суық хабар келіп жатыр. Белгілі журналист, "Зейін Атырау" ерекше балаларды оңалту орталығының негізін қалаған Арайлым Бағытжан Анталиядағы ірі жол апатына түсіп, өмірден өтті. Әріптесімізбен бірге кішкентай сәбиі де о дүниелік болды. Жолдасы қиын жағдайда ауруханада жатыр. Қазіргі уақытта Түркиядағы Қазақстан елшілігімен арада келісімдер жүргізіліп, ауруханада қиын жағдайда жатқан бауырымыздың тиісті ем алуына жағдай жасалуда. Жерлестеріміздің сүйегін елге алдыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамын",  – деп жазды Жасұлан Бисембиев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір