31 Тамыз, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Білім күні қарсаңында оқушыларға, ата-аналар мен ұстаздарға үндеу жасады.
Ведомство басшысы мәлім еткендей, ТЖМ қашанда халықтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бағытында жұмыс істеп келеді.
Ол өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға басымдық берілетініне тоқталды.
«Министрлік төтенше жағдайларды жоюдан алдын алуға көшу бағдарламасын қабылдады. Мен оқушыларымызды осы бағыттағы сауаттылықты арттыру бастамасына қосылуға шақырамын. Біз апаттарға төтеп беріп, сауаттылығымызды арттыруымыз керек. Әрбір оқушы төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керек, төтенше жағдайлардың алдын алуды білуі қажет», - деп атап өтті министр.
Айта кетейік, ертең ел мектептерінде жаңа оқу жылы басталады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір