• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:55:30
Алматы
+12°

Бүгін 2023 жылдың тамыз айының 29 жұлдызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кеңес мәжіліс залында «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» КЕАҚ Басқарма Төрағасы-Ректоры Ж.Қ.Түймебаевтың қатысуымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің төрағасы Рахимов Арман Тастемірұлының көшбасшылық дәрісі өтті.

Қара шаңырақтың Басқарма Төрағасы-Ректоры Ж.Қ.Түймебаев «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері» атты көшбасшылық дәрістің шымылдылығын ашып, баяндама жасады.

ьдудл

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие және әлеуметтік жұмыс – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы жұмыстың маңызды бағыттарының бірі, оның мақсаты университетте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау болып табылады. Мол қаражат пен пайда бар жерде тамыр жайып, әлі күнге жойылмай келе жатқан сыбайлас жемқорлық кеселі: «Бұған мамандардың білім, мәдениеттілік деңгейі төмен болуы әсер ететін тәрізді. Кейбір азаматтардың құқық бұзушылыққа немқұрайлылығы, кәсіби мәдениеті жетіспеуі, жеке бас қамын ойлауы да парақорлықтың жойылмауына сеп болып жүр» -дейді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы-Ректоры Ж.Қ.Түймебаев. Мемлекетіміздің кез-келген азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтей отырып, аталған дерттің қоғамға таралу жолдарын түп-тамырымен кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу, «Жаңа Қазақстанның» дамуына сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғам болып біріге күресуге ҚазҰУ жастарын шақырды.

Сондай-ақ, көшбасышылық дәріске арнайы қонақтары: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Алматы қаласы бойынша департаментінің төрағасы Арман Тастемірұлы РАХИМОВ «Өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетаным қалыптастыру», Превенция басқармасының басшысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет полковнигі Қанат Әсімбайұлы СӘЛІМБАЕВ «Жоғары білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында баяндама жасады.

Көшбасышылық дәріске қатысушы қонақтар “Жаңа Қазақстан” болашағына бастау алған сәтте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес елдің  болашағына қажетті маңызды мәселе екенін, осы жолда әрбір азаматтың адалдық әрі адамдық парызы мемлекеттік  мүдденің басты қағидасы екенін баса айқындап атап өтті. Мемлекет баянды, дамыған қоғам құрып, өсіп-өркендеу жолында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрдайым басты назарда болып, білім алушы жастарға ізгі үлгі-өнеге көрсету барша аға буын өкілдерінің, әрбір Қазақстан азаматының қасиетті қағидасы болатынын  қатысушы қонақтар тілге тиек етті.

Көшбасшылық дәрістің соңы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың https://www.kaznu.kz ПОҚ өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, еркін сұхбаттасуымен аяқталды.

ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының оқытушылары: Г.Т. Тилеужанова, Ж.Т. Ибраимова, Г.М. Мужигова

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір