• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:56:38
Алматы
+12°

Көкшетаудағы 5510 әскери бөлімшенің 40-тан астам әскери қызметшісі ЖРВИ (жедел респираторлы вирусты инфекция) белгілерімен жұқпалы аурулар орталығына жатқызылды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Олармен байланыста болған 5 адамнан минингоктық инфекция, 4 энтеровирустық инфекция анықталды. Бұл туралы Ақмола облыстық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Серік Омарханов мәлім етті.

Департамент басшысы орынбасарының айтуынша, қазіргі кезде науқастарды және олармен байланыста болған адамдарды лабароториялық зерттеу шаралары жалғасуда.

«Биылғы жылдың 23 тамызында Ақмола облыстық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментіне Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасынан Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасына облыс орталығы аумағында орналасқан 5510 әскери бөлімшесінен сарбаздардың ЖРВИ (жедел респираторлы вирусты инфекция) белгілерімен әскери қызметшілердің жеткізілгендігі туралы ақпарат түсті. Бүгінгі таңда жұқпалы аурулары орталығына 40-тан астам әскери қызметші жатқызылды, олардың жағдайы орташа, кейбірінің жағдайы қанағаттарлық. Бірлесіп жүргізіліген эпидемияға қарсы шаралардың нәтижесінде науқастармен байланыста болған 278 адам анықталды, олардың барлығында ЖРВИ белгілері байқалды. Лабароториялық зерттеу барысында 5 адамнан минингоктық инфекция, 4 энтеровирустық инфекция анықталды. Барлығында коронавирустық инфекция табылмады. Байланыста болған барлық 278 адамның зерттеу анализдері жұмыс үстінде», - деді Ақмола облыстық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Серік Омарханов.

Сонымен бірге, департамент басшысының орынбасары атап өткендей, аталмыш 5510 әскери бөлімше Қорғаныс министрлігінің қарамағында, олардың өз санитарлық қызметі бар. Сол себепті, Ақмола облыстық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаменті дерттің себебін анықтауға және кешенді эпидемияға қарсы шараларды жүргізу үшін практикалық көмек көрсетпекші.

Көкшетау қалалық көпсалалы ауруханасы басшылығының мәліметінше, жұқпалы аурулар орталығына 47 мерзімді әскери қызметші жатқызылған. Науқастар 23 тамыздан жеткізіле бастаған. Белгілері бірдей-қалтырау, безгегі ұстау, қызуы көтерілу.

«Бірінші күні бірден алтауы жеткізілді. Біреуі өте ауыр жағдайда болды. Тексеру кезінде жүрек тоқтағанға дейін құрысулар пайда болды. Абырой болғанда, реанимациялық шаралар сәтті өтті, қазір науқас жансақтау бөлімшесінде, есін біледі. Бұл сарбаз бұған дейін де желшешекпен ауырған, сол себепті, де оның иммунитеті тиісінше әлсіреген. Бұдан кейін күн сайын алты және он адам біздің жұқпалы аурулар орталығына бірдей шағымдармен келе бастады. Бірақ олардың қызуы 38 градус шамасында тұрақты», деп түсіндірді медициналық мекеменің басшысы Сәкен Қалымжанов.

Дәргердің айтуынша, алты сарбаз жексенбі күні жеткізілді, кеше тағы екеуі түсті. Жұқпалы аурулар орталығында әскери қызметшілерге толық бөлімше бөлінді. Науқастар оқшауланған әр палатада екі адамнан.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір