Фото: Ашық дереккөз
Ресей президенті Владимир Путин "Вагнер" әскери жасағының негізін қалаушы Пригожиннің өліміне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол Донецк республикасының басшысы Денис Пушилинмен кездесу кезінде айтты.
"Ең алдымен ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына шын ниетпен көңіл айтқым келеді. Қаза тапқандар Украинадағы нео-нацистік режиммен күреске айтарлықтай үлес қосты. Біз мұны әрдайым есте сақтаймыз, жақсы білеміз әрі ешқашан ұмытпаймыз", деді Путин.
Бұдан бөлек Путин Пригожинге қатысты да бірер ауыз пікір білдірді.
"Пригожинді мен бұрыннан танимын. 1990 жылдардан бері таныспыз. Пригожиннің тағдыры ауыр азамат еді. Иә, өмірінде талай қателік жасады. Өзінің ойлаған нәтижелеріне қол жеткізді. Сондай-ақ менің өтінішіммен жасалған ортақ ісімізде де жақсы нәтиже көрсетті. Ол талантты азамат, талантты кәсіпкер", дейді Ресей президенті.
Путин Пригожиннің тек Ресейде ғана емес Африка елдерінде де жұмыс істегенін еске алды. Шетелде кәсіпкер мұнай, газ, қымбат металдармен айналысқан айтты. Президентің айтуынша, Африкадан келген Пригожин Ресейде бірнеше тұлғамен кездескен.
"Бұл туралы маған бүгін таңертең тергеу комитетінің басшысы баяндады. Оқиғаға қатысты алдын ала тергеу жұмыстары басталды. Тергеу жұмыстарының толық жүргізіліп, соңына дейін жететініне еш күмән болмасын", деп сөзін аяқтады Путин.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір