• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:22:08
+12°

Президент Жарлығының тиісті жобасы шенеуніктер мен күштік құрылым қызметкерлеріне ойын мекемелеріне баруға тыйым салуды көздейді.

Жоба "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Құжатқа сәйке, әскери қызметшілердің міндеттері, сондай-ақ құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарға "Ойын бизнесі туралы" заңда көзделген ұйғарымға жататын ойын мекемесіне барудан бас тарту кіреді. Бұл жағдайда қызметтік қажеттілікке байланысты казиноға бару ерекше жағдай болуы мүмкін. Бұл әскери қызметшілерге қатысты емес.

"Түзетулер беделге төнетін тәуекелдерді азайтуға, оның өкілдері тарапынан мемлекеттік органдардың қадір-қасиеті мен беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеуге бағытталған", - делінген жарлық жобасының түсіндірме жазбасында.

Құжат 28 тамызға дейін талқылауға шығарылған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: казино шенеуніктер

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір