14 Тамыз, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тексерісінен кейін ауыз су тарифтері айтарлықтай төмендеді. Тексеріс барысында кейбір аудандарда су тарифінің бағасы заңсыз қымбаттағаны анықталған.
Ауыз тарифі 50 елді мекенде 16-87%-ға дейін төмендеген. Мағжан Жұмабаев ауданына қарасты 20 ауылда су тарифі орташа есеппен 150 теңгеге арзандады. Бұл туралы informburo.kz хабаралады.
Бұрын бұл өңірдің ауылдары ауыз суға 375-400 теңгеден төлеген. Тіпті Қызылжар ауданындағы Асаново ауылында 1 текше метр үшін тариф 1000 теңге болған. Қазір төлем 175 теңгеге түсті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір