Фото: Abainews
Абай облысындағы орман шаруашылығының штаттан тыс қызметкерлері жалақыны көтеруді сұрап, наразылыққа шықты.
Наразыларға шілде айында еңбекақыны 100%-ға көтеруге уәде берілген. Кейіннен барлығының емес тек кейбіреуінің ғана жалақысы артқаны белгілі болған. Химиктер, жүргізушілер және радио операторларының еңбекақысы өзгеріссіз қалған. Бұл туралы ҚазТаг агенттігі жазды.
Бүгін сағат 10:00-де қызметкерлер "Семей орманы" басшылығымен кездесіп, өз талаптарын айтқан. Кездесуде қандай шешім қабылданғаны әлі белгісіз.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір