• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 06:13:04
Алматы
+12°

Атырау облысында лагерьге бара жатқан кезде қайтыс болған жасөспірімнің анасы Тамара Цаплина видеоүндеу жасады. Ол өз видеоүндеуінде әлеуметтік желіде тараған ақпараттарды жоққа шығарып, істің мән-жайын түсіндірді. Видеоны қоғамдық кеңестің мүшесі Сандуған Көкенова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Анасының айтуынша, Святослав бала кезінен ауырған.
 
"Адамдар балам тамақтан уланды деп жатыр. Жоқ, олай емес. Ол бала кезінен ауырған, тамырлары өздігімен жарылатын диагноз болды. Сол күні кеуде тұсындағы үлкен тамыры жарылып кеткен еді", - деді Цаплина.
 
Еске салсақ, 7 тамызда бір топ бала "Атырау-Астрахань" пойызымен санаториге жолға шыққан. Бір жарым сағаттан кейін 13 жастағы Святослав Цаплин өзін нашар сезінген. Содан "Нарын" станциясына жедел жәрдем шақырылды. Бірақ бала қайтыс болды.
 
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір