• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 00:37:37
Алматы
+12°

05 Ақпан, 2014 Саясат

«Сионизмнің» бірінші құрбандығы - делқұлы мемлекеттер

Мойындасақ та, мойындамасақ та біздің жасап отырған қоғам – жасанды  қоғам. Нақтырақ айтқанда, бәз біреулер жағынан күрделі әрі аса жүйелі түрде жоспарланған...

Мойындасақ та, мойындамасақ та біздің жасап отырған қоғам – жасанды  қоғам. Нақтырақ айтқанда, бәз біреулер жағынан күрделі әрі аса жүйелі түрде жоспарланған туынды. Батыстық болжампаздар осыдан бірер жыл бұрын мынадай болжам айтты: «Енді 50 не 70 жылда, жер бетінде мемлекеттер жоғалып, оның орнына бірнешелеген мемлекеттерді біріктірген саяси және қаржылық корпорациялар қалады». Бұл, әрине, біз ауыз жаппай айтып жүрген және не екенін өзіміз де біле бермейтін «Жаһандану» деген сөз. Күллі мәдениет пен өркениеттің ошағы болған Шығыстың бұл күнде цивилизация доңғалағына қозғаушы бола алмауы, Батыстың делқұлы глобализациялық дамуының құрбаны болуына жол ашты. Соның нәтижесінде қаншалаған өркениеттер мен мәдениеттер соның ішінде тілдер мен халықтар тек мұражайдан ғана тамашалайтын қола дәуірінің ізіндей болып кетіп жатыр. Осының бәрін айтып отыруымыз алдағы айтпақ болған сөзіміздің қаншалық ауқымдылығын бағамдату болып табылады.

Саясаттанушы Сейдахмет Құттықадам: «Батыстың қайда кетіп бара жатқаны белгісіз, Шығыс соның соңынан еріп барады» деген сөзі бар еді. Шын мәнісіне келгенде, Батыстың бастап бара жатқан даму бағыты бүкіл адамзатқа баянды жол деп ешкім айта алмайды. Қай жағынан алып қарасақ та белгілі бір деңгейге жеткенде дағдарыстарға апарып тірейді. Алайда Батыстың қайда баратынын білетіндер бұл ғаламды шахматтың тасындай ойнап отыр десек, дөп басқан теңеу болар еді. Батыстың даму бағыты деген бейне шахматтағы Гардидың (бізше айтқанда уәзір) жүріс қағидасына ұқсайды. Ол ендік, бойлық және шаршы жолдарды талғамай жүреді. Осыған қарап ол ойынның тағдырын шешушіге ұқсағанымен, егер солдаттарды яғни пешканы тиімді түрде жұмсағанда Гарди тығырыққа оңай тіреледі. Ал Шығыс осы ойындағы піл жүрісіне ұқсатуға болатын еді. Себебі дәстүр мен даму шахматтағы ақ және қара квадраттарға келеді. Зеңбірек дегеніміз салыстырмалы түрде діндер, олар тек түзу бағытта жүреді. Міне осының бәрін көз жаздырып отыратын, алдағыш бір жүріс бар, ол – ат жүрісі. Гарди, піл, зеңбірек бұның бәрі ат жүрісінің алдауына оңай түседі. Алдау үшін қолданылатын пешка жүрістері Орта Шығыс немесе мұсылман елдері іспетті. Ғалам назарын осыларға аудару арқылы, дүниені алдаусыратып ар жағында ғасырлық жоспарларды жүзеге асырып отырған ат жүрісінің бірден бір мысалы –"сион" құпия ұйымы, ең соңында шахты - мат етеді.

"Сионизм" немесе "Сионшылдық" деген  түсінік - жебірей халқының Палестина жеріндегі Сион тауының атымен аталатын, күллі жебірейлердің сол топырақта мемлекеті болуы деген мәліметтер кездеседі. Бұл шылғи өтірік деп айтар едіңіздер. 1961 жылы Израйл мемлекеті көне Палестина жерінде шаңырақ көтергеннен бері Орта Шығыс пен Таяу Шығыс өрт пен селдің ортасында күн кешіп келеді. Шын мәнісінде, сионизмді түсінер болсақ, онда біз бүгінгі ғаламда болып жатқан үдерістердің астарында не барын білер едік. Құпия ұймдардың арасында тарихы ең арыда жатқаны да осы "сион" құпия ұйымы. Оның құрылғанына биылды қосқанда екі мың бір жүз елу жылдан асты. Түп тамыры дінге барып тіреледі. Тіпті оның идеялогиясына бұдан бұрынғы өркениеттің де жетпеген арманы жасырынған. Нақты мақсаты туралы ұймның мүшелерінен басқа ешбір пенде баласы ештеңе айта алмайды. Бір анығы, олар ғаламды матриархаттық ғаламға көшірмек. Түсініктірек айтқанда, аналық рулық қауым кезіндегідей ғаламды әйелдер басқаратын қоғам жүйесін орнату. Бұның түп төркіні өз діндерінде жатыр.

АҚШ-тың танымал жазушысы Ден Браун «Да Венчи Құпиялығы» атты шығармасында осы туралы көп мәліметтер келтірген. Бұдан тыс осы ұйымдар туралы Орыс, Ағылшын және Қытай зерттермендерінің сөзінде бір ортақтық бар. Айталық, олар өз тарихын осыдан бұрынғы жер бетінен жоғалып кеткен өркениетпен байланыстырады. Тым күрделі бұл тарихын осыдан Мұса пайғамбардан арғы барлық пайғамбарлармен байланыстыра келіп, соңында Жаратушыға дейін тірейді. Тіпті олардың түп мақасатында бүгін адамдар санасында жоқ Құдай Ана деген ұғымды орнату, яғни жаратушының өзін жынысқа ажырату. Бұны өздері «Жаратушы патшалығын орнату» деп айтады. Осы мақсатта олар тарихымыздың бірнеше кезеңінде мемлекетті болуға тырысқан. Ең арғысы Ескендір Зұлһарнаиннан тартып, Шығыс пен Батыстық әлемге аты мәшһұр жиһангездері мен иператорлары олардың ел болып, бел алып кетуінің жолын тосып, бүгінгі ұрпақ адамзаттың мәдениеті мен өркениетін сақтап отырған. Олардың қатарында Әмір Темір, Сұлтан Бейбарыс, Салахаддин, Напалеондар болып, соңы Гитлермен аяқталады.

Егер олардың мақсатындағы қоғам орнығатын болса, оны елестету үшін бүгінгі біз имандай сенетін аз болмаған қағидалар мен өмірлік сенімдерден баз кешуге тура келеді. Бұл үшін олар қару жұмсаған жоқ, айғай-сүрен салған жоқ. Бәрін өзгелердің қолымен жасап отырды. Өткен ғасырлардағы тарихи деген оқиғалардың шын түбіне жетер болсақ, көбінің жасанды екенін білер едік. Мысал ретінде, екі реткі әр жолында миллиондаған адамды жалмаған дүние жүзілік соғысты, қаншалаған мемлекеттерді ойрандаған, қанша халықты аштан қатырған аз болмаған экономикалық дағдарысты айтыңыз. Соның ішінде бізге тікелей қатысты кешегі бүкіл әлемге "комунизм орнатамын!" деп жар салған қызыл өкіметтің құрылуы мен құлауы - одан қалайда ширек ғасыр бұрын жоспар күйінде жүзеге асырылып болған. Мұның бәрі бір ғана мақсатта, бір ғана әлемге бағытталған бір ғана ұйымның сценариіндегі қойылымдар десек сене аласыз ба? Әрине сенбейсіз. Алайда бұл бүкіл әлем қатысқан концерт нөмерлері ғана. Батыс әлеміне бұлжымас қағида болып орнаған адамдық құқық, әйел теңдігі, демократия, теңдік сынды нормаларды жоқтан бар етіп, тіпті оны қоғамдық институт ретінде жасақтаған да солар. Осы аталған түсініктердің бәрі де соларға молынан қызмет атқарып отыр.

Біз олар жағынан өте табиғи жасалған бір ғана өзгерісті баяндап берейік. Өткен ғасырдың басында барлық халықтарда әйелдер түгелге жуық жабық киімде болды. Бүгін тырдай боп жүрген мейілінше «демократиялы» елдер ғасырдан бұрын олай емес-ті. Тек өткен ғасырдың ортасынан бері қарай, тар және ашық киінуді біртіндеп өмір дағдысына айналдырды. Жерге төгілген көйлектер мен шалбарлар тобыққа, сосын балтырға, кейін тізеге, бара-бара қара санға, тіпті одан арыға қысқарды. Бұның екі түрлі маңызы болды оларға. Бірінші, адамдардың жынстық көбеюін астыртын азайтады. Демек, тар киімдер ішкі-сыртқы жыныстық органдардың жерден және ортадан алатын энергияларын тежеп, қабілеттерін төмендетеді.  Екінші, жыныс пен жыныс арасындағы алшақтықты жойып, нәтижесінде екі жыныстың азғын тобы қосжыныстыларды келтіріп шығарады. Бір жыныстың келесі бір жынысқа деген барлық әуесі жойылған кезде, сананың екіге жарылуынан, физиялогиялық жарылу немесе ауысу табиғи түрде орындалады. Міне бұл бүгін біздің қоғамда белең алып, қызу талқыға түскен, тіпті тәрбиесі таяздарға қызығушылық болып табылған, ал, ертең бар халықтың қасретіне айналатын құбылыс. Барлық халықтардың басына трагедиялар орнату арқылы басқаруға оңтайлы етіп жасаудың  шаралары іске асырылып жатыр. Өткен ғасырда адамдарды жікке, әр түрлі тапқа бөлініп алыстатылса, жаңа ғасырда жынысқа және наным сенімге ажыратылып, қырқартылуда.

Аталмыш ұйым бұл күнде өзге де көптеген ұйымдарға жіктелген. Көбімізге таныс әрі бейтаныс "Массон" ұйымы, "Родшилтер" қаржы мафиясы сынды әлем экономикасы мен саяси тізгінін шеңгелдеген топтар бәрі де ортақ  бір "Сионға" тәуелді.

Осыншама ауқымды, алапат күшке төтеп беретін екі түрлі ғана қару бар. Оның бірі бүгінгі таңда батыс пен шығысқа үрейлі, аса қауіпті, терроршыл етіп танылған, шын мәнісінде ақиқи Ислам және әр ұлттың өз дәстүрлі мәдениеті. Бұл арада біз дінді насихаттағалы  отырмасақ та, ақылды санаға соншама әлеуетті ұйымның Исламды барынша қаралауға тырысатынының ар жағында, олардың да бүкіл ғаламның ақиқаты айтылған Исламнан қорқатыны жасырынып жатқаны сезіледі. Қазіргі таңда Батыс "ұлттық мемлекет" десе үдірейе қарайтыны да, тегеурінді "Сионның" дегеніне келмейтін бір нәрсе ол: әр халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан өзіндік салт-санасы мен ғұрып-дәстүрі. Міне, содан шахмат шеберлері ат жүрісімен айналып өтуге тырысып келеді.

Біз жасап отырған аудиториядан бастап, геосаяси кеңістіктерге дейін шарпыған осы құбылыстың қасында бір аз санды халықтың болашағын өзіне жүк еткен жастары ру, тап, жік, жер немесе жыныс туралы пікір жарыстырып, түп мәніне жете алмай отыруы олардың оң жамбасына өзін салып беруі болар еді.

    Есхат Божан

Bilal Quanysh

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір