• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 03:21:23
Алматы
+12°

Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим туралы заң күшіне енді.

Оған сәйкес, қазақстандықтар ҚХР-да визасыз жүре алады. Ал Қытай азаматтары Қазақстан аумағында шекараны кесіп өткен сәттен бастап 30 күн, 180 күндік мерзімде 90 күн бола алады.

Қазақстандықтардан талап етілетін құжаттар:

1)ҚР азаматының төлқұжаты;

2)Елге қайтып оралатыны туралы куәлік.

Қытай азаматтарынан талап етіледі:

1)Қытай азаматының жартылай қызметтік төлқұжаты;

2)Қытай азаматының қарапайым төлқұжаты;

3)Уақытша жол жүру құжаты.

Уағдаласушы тараптардың әрқайсысының екінші тараптың дипломатиялық арналары арқылы жазбаша хабарлама арқылы ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық тәртіпті немесе денсаулық сақтауды қамтамасыз ету мақсатында келісімнің қолданылуын уақытша, ішінара немесе толық тоқтата тұруға құқығы бар.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енді.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: визасыз режим қытай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір