• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 05:16:27
Алматы
+12°

ҚР СІМ Түркияда жол апатынан зардап шеккен тағы бір қазақстандық қайтыс болғанын хабарлады.

"Түрік дәрігерлерінің ақпаратына сәйкес, кеше түнде тағы бір ҚР азаматы Алания мемлекеттік емханасында қайтыс болды. Қазіргі уақытта қайтыс болған азаматымыздың туыстары емханада жүр. Оларға қажетті көмек көрсетіліп жатып. Құжаттарды ресімдегеннен кейін оның денесі Қазақстанға жіберіледі" – делінген хабарламада.

Ведомство бұған дейін қайтыс болған жерлесіміздің денесі елге жеткізілгенін мәлімдеді.

Еске салайық, 30 шілдеде Түркияның Алания курортында қазақстандық туристер мінген шағын автобус апатқа ұшыраған болатын.

Апат салдарынан 12 адам емханаға түсіп, 1 отандасымыз көз жұмған еді. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жол апаты түркия

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір