• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Қыркүйек, 09:38:46
Алматы
+35°

Солтүстік Қазақстан облысында кәріз тазаламақ болған шошқа фермасының төрт жұмысшысы қаза тапты.

Қайғылы жағдай Тайынша ауданында орналасқан EMC AGRO компаниясында болған.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, компанияның төрт қызметкері ауысым соңында 8 метр тереңдіктегі кәрізден шықпай қалған.

Полицияның хабарлауынша, 1966, 1991, 1995 және 2000 жылдары туған жұмысшылар кәріз құдығын тазалау кезінде иістен уланған.

Олардың мәйіті сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір