01 Тамыз, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Боксшы Бейбіт Шүменовтің ісіне қатысы бар полицейлер жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Астана қалалық полиция департаменті мәлім етті.
Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша Есіл ауданының ЖБББ учаскелік полиция инспекторы атқаратын қызметінен босатылды.
"Кезекші бөлімнің жедел кезекшісі және "Есіл" ауданы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімінің аға учаскелік полиция инспекторына қызметтік сәйкестіктің толық еместігіне байланысты ескерту алды. Аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары қызметінен босатылды, аудандық басқарма бастығына сөгіс жарияланды", - делінген хабарламада.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір