31 Шілде, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Пәкістанның Хар қаласында саяси митинг кезінде бомба жарылған. Жарылыстан 44 адам қаза тауып, 200-ге тарта адам жараланған.
Митингті исламшыл Жамаат Улема Ислам партиясын қолдаушылар ұйымдастырды. Шараға жалпы саны 400-ге жуық адам келген.
БАҚ-тың дерегіне сүйенсек, партия басшылары мінберге шыққанда белгісіз біреу өз-өзін жарып жіберген. Мұның артында кім тұрғаны әлі белгісіз.
Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф оқиғаны тергеп, кінәлілерді табуға бұйрық берді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір