05 Ақпан, 2014 Саясат
"Барахолка" тағы өртенді. Бұл "орысқұлдардың" ісі ме?
Кеше Алматыда тағы бір базар өртенді. «Барахолкадағы» ол базардың аты «Юпитер», өрт амтыған аумағы 400-500 шаршы метр. Өрт сөндіруге 900 адам қатысқан! Бұрынғы...
Кеше Алматыда тағы бір базар өртенді. «Барахолкадағы» ол базардың аты «Юпитер», өрт амтыған аумағы 400-500 шаршы метр. Өрт сөндіруге 900 адам қатысқан! Бұрынғы өрттерде өрт сөндіруге мұншама адам қатысқан емес. Сонда мұның не сиқыры бар екен? Не де болса, «крышасы» мықты біреудің базары немесе сол «крышаның» өз базары! Себебі, мұның алдындағы базар өртеу науқандарында, билік тарапынан дәл мұндай «ерекше қамқорлық» байқалмағаны белгілі. Бұл жолы өрт те тез ауыздықталыпты. Соған да тәубә дейік!.. Менің айтайын деп отырғаным, өрті сөндірілген бұл базар емес, жалпы «өртенгіш» базарлар туралы. Бұл күндері қаладағы, қала маңындағы қазақтардың дені базар жағалап кеткені жөнінде. Қазақтың дені осы базармен ғана нәпақасын айырып жүр. Әлгі 2050 жылы «30» елдің қатарына қосылғыш Қазақстанның бүгінгі кейпі осындай! Халқының дені базарға тентіреп кеткен мемлекетті кім қатарына қоса қояр екен? Бірақ, біздің орысқұл билікте ұят шамалы. Олар ең алдымен арттарына қарамай-ақ, ана 30 елдің қатарына өздері барып қосылып алады. Олар кеудесініе итергенге де қарамайды. Бұл орысқұл билікте ұят пен намыс о бастан шамалы болатын. Қайтадан негізгі тақырыбыма оралайын. Базарларын бірінен кейін бірін өртеп, халықты қан қақсатқандардың кім екенін, ел ашық айтып жүр. Ол «осы» ермегі» арқылы қанша қазақты зар қақсатып, қайыршы ғылып жібергенін біле ме екен, әуелі? Білмейді, білгісі де келмейді! Бүгінде мына орысқұл билік, қай жерде Қазақ бар, сол жердің тас-талқанын шығарады. Себебі, оларға Қазақ керек емес. Олар мына «қой қазақтан» құтылмай, жерлері ешқашан да кеңімейді. Аналарға қайтадан басыбайлы құл болғанда, ең алдымен іштен «бүлік шығаратын да» осы «қой қазақтар» болатынын, олардың құрғыр іші сезбейді емес, сезеді. Бұны «бір» деп қойыңыз. Екіншіден, әйтеуір «бірдеңе бүлдірсе» болды, өндірдей қазақ жастарын жыпырлатып соттатып жіберіп жатыр. Осы жаздағы ана Қайрат дегеннің концертінде «бүлік шығарды» деген желеумен бүгінде оншақты қазақ жасын темір тордың ар жағына тоғытып жібергендер де осы орысқұл билік! Білетіндердің айтуына қарағанда біздегі абақтыларды отырғандардың 90 пайызы 18-25 жас аралығындағы қазақ жастары екен. Бұлар нағыз қазақты көбейтетін жаста абықтыда отыр. Бұл да мына орысқұл биліктің әдейі істеп отырған қулық саясаттары. Таяуда ғана семіздіктен жарылып кетейін деп әзер тұрған тағы бір нағыз көкбет екені суретінен көрініп тұрған орысқұл ерке баланың көп адамды тал түсте машинасымен таптап кетіп, соның бірін өлтіріп тынса да, оның әкесінің ЭКСПО дегенің бір «дөкейі» екенін назарда ұстаған Алматының құқық қорғаушылары ұстап тұрып, босатып жіберіп, баспасөз шулаған соң ғана оны қамаған ниет танытып отыр. Егер кісі өлтіргіш қарапайым қазақтың баласы болғанда, оны өмір бойға соттап жіберер еді. Бұл «еркетотайды» - нағыз орысқұлдардың бүгінгі жиынтық образы десе де болады. Жә, әңгіме «базардан» шықты ғой. Бүгінгі орысқұл биліктің базар атаулыға соншалықты өшігіп алғандарының артында не тұрғанын, енді түсінген боларсыздар. Осы жылы, яғни, Орысқұлдар билігінің 23 жыл бойы «аңсаған армандарына» жететін күнге аз қалды! Жұмаш КӨКБӨРІ
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір