• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Желтоқсан, 13:29:09
Алматы
+7°

Атам қазақ "бірінші байлық денсаулық, екінші байлық ақ жаулық, үшінші байлық он саулық" деп тегін айтпаған. Әр адамның, әр пенденің бірінші байлығы – денсаулығы болса, екінші байлығы – отбасы, үшінші байлығы – материалдық дүние екенін бағы замандарда-ақ айтып, отбасы тәрбиесінің құнды тағылы ретінде, ақ дастахан басында ұрпақтарының құлағына құдайдың құтты күні құйып, ұлағатты ұрпақ тәрбиелеп келгені баршамызға айтпасақ та түсінікті тағылым. Десе де біз бүгінгі дамыған ғасырда отырсақ та мына бір маңызды мәселені үні айтуға және ұрпақ санасына сіңіру әр бір отбасындағы ата мен ананың бұлжытпай атқаратын парызы деп танумыздың болшақтық маңызы тіптен жоғары екенін ең алдымен өзіміз танумыз қажет. 

Ал отбасы байлығы денсаулық, ақ жаулық, он саулық қана емес. Имандылық пен ибаллық, арллық пен адамгершілік, өнер мен ғылым білімдарлық та отбасы адамжарының жоғары құндылық өлемдеріне жатады. Мұнда тән салық пен жансаулықты да қатар ұстанады. Өте-мөте ата дәстүрін берік ұстана отырып, жеті аталық қыз алыспау, қызға қырық үйден, ұлға отыз үйден тиым салып бақытты отбасын құрудың өте тамаша заң , ережелерін атқарып келген. "Тәні саудың-жаны сау", "жақсы мінез-жан көркі" деп рухани мәдениет пен заттық мәдениетті құстың қос қанатындай тәрбие тағылымы етіп, тамаша салт пен дәстүрге айналдыра білген. Онда мемлекеттің байлығы кім және не?

Мемлекеттің бірінші байлығы – адам, халық, халық бұқарасы. Халық бұқарасыз мемлектте еш байлық та бақыт та болмайды. Халықсыз мемлекетте еш қуат та, күш те болмайды. Халықтың беделі – мемлекеттің беделі. Халықтың берекесі – мемлекеттің берекесі. Халықтың байлығы – мемлекеттің байлығы. Бұл бұлжымас ақиқат, бұлтартпас шындық.

Біз соны білуміз керек әрі ұрпақтармызға ұқыптап ұқтырумыз тиіс. Халық үлкен үш буыннан тұрады. Бірінші жас буын, екінші орта буын, үшінші қарт буын. Жас буын- елдің ертеңі, Отанның келешегі, мемлекеттің жарқын болашағы. Орта буын – мемлекеттің алтын діңгегі, бүгінгі тірегі. Қарт буын – мемлекеттің бүгінгі қазынасы, ертеңгі ұлы тарихы. Қазақ "қарты бар үй-қазына" деген сөзді бекер айтпаған. Бір ғана мақал сөзге маңғаз ұғымды ұялатып ұғымды етіп жеткізіп, артқы ұрпағына қаттарды аялай білуді, құрметтеп өтуді, сыйлауды, қадірлеуді, күтуді, олардың білім қазынасынан сусындауды өсиет етіп, арттан еріп өсіп-өніп, көгеріп-көктеп келе жатқан алтын ұрпақтарына асыл сөз мұрасы етіп қалтырып кетті емес пе?!

Мемлекет халықтың әл-ауқаты мен материалдық жағдайын ғана жақсартып қоймай халық денсаулығын жақсартуға да ерекше мән беруі керек. 20-21 жылдары аралығында әлемді жайлаған аты жаман тұмау – үш буынды, әсіресе, қазына қарт буынды баудай түсіріп, арамыздан аямай алып кетті. Күн сайын, тіпті сағат сайын қаралы хабар әлеуметтік желілерден желдей есіп, құлаққа суық хабар қаплақтап жауған қардай жауып естілді. Жүрекке мұздай сұп-суық болып тиіп жатты. Әр сәт сайын әлеуметтік желіні ашып қарауға да, жүрек дауаламайтын жағдайдар болып өтті. "Қазаға сабыр бер" деп қана, "иманды болсын", деп желімен көңіл айтып, үйде отырудан басқа қолдан ештеме келмей дәрменсіз күй кештік.

Күллі әлем дәрігерлік саласына қойылған сүрақтар қарша борайды, бірақ тұшымды жауап жоқ. Халық үрейлі күй кешті. Иә, осындай аласапыран, қауіп-хатері көп, тумау аласұрып асқынған кезде ақ қалаты абзал жандар күнді-түнге жалғап, жарғақ құлақтары жастыққа тимей, аурғандарды емдеп, алтын терлерін аямай төкті, күн-түн демей жапалы қызмет атқарды. Соның жемісінде көп адам жазылды. Мемлекет тарабынан қайта- қайта карантин түзімін жариялады. Оған құлақ асқандар да, аспағандар да болды. Бұл көзге көрінбейтін, құлаққа естілмейтін, қолмен ұстауға келмейтін адам денесі арқылы тасмалданатын, өзі жауыз, әрі жәил тұмауды жеңудің жалғыз жолы да - карантин түзімі еді. Мұны әлем елдері мойындады. Тазалыққа баса мән беріп, дәрігерлер берген кеңесті оң құлақпен тыңдаумыз керек. Береке - бірлікте бола отырып, аты жаман аурумен бел шешіп көресуміз керек. Мемлекет белгілеген карантин тәртібіне қатаң саналы бойсынумыз тиіс екеніне халықтың көзі жетті.

Мен бұл өткен күндерді еске алып, көзге қайта елестетіп отырғанымның да өз мәні бар. Бүгінгі дәрігерлік ғылымы қанша дамыды деген күнде де, бағы заманда ғылымы дамымаған заманда жасаған бабалармыздың да керемет құнды тәжіриебелері болған. Біз соны өзіміз ғана біліп қоймай, алдымызда өсіп келе жатқан ұрпақтармызға да ұқтырумыз керек.

Рас-ау, біз қазақ деген батыр халықтың ұрпағымыз. Сол батыр бабалармыз өздері бастан кешкен ұлы тарихында талай ауруларды жазып, одан сақтанудың амал-әдістерін, ем-домдарын тапқырлап, оны ұрпақтарына аманаттап кетті.

Сіз ой жүгіртіп көріңізші көне ғасырларда, бір ауылға жұқпалы ауру тараған кезде, сол ауыл ақсақалдары, халықты дереу ұйымдастырып, басқа ауылға қыдырып баруға тыйым салған. Ауыл айналасындағы төбе-төбелерге қаралы ту іліп, Қара қазан төңкеріп, қара ат мініп, қара киім киіп, қолына қара ту ұстап, басқа ауылдарға жолда жүрген жолаушыларға белгі арқылы, жаман ауыру тарап жатқанынан хабар беретін болған. Жаман ауырудың атын атап айғайламайтын. Тергеп жұмсартып "індет" , "сырқат" т.б. сөзбен аттайтын болған. Елдің, жұртың, халықтың еңсесін түсірмей, үрейлендірмей, "ауыру жеті түрлі болғанмен, жетпіс жеті түрлі емі бар" деп жігерлендіретін. "ауру - батпандап кіреді, мысқалдап шығады" деп халықты сабырға шақыратын. "аш адам ұрысқақ , ауыру адам тырысқақ" деп ауырған адамның ашуына тимейтін. Заттық жақтан да рухай жақтан да көмек көрсетіп көңілін аулайтын тамаша салтты қалыптастырған. Міне біздің аса білімді ата-бабаларымыздың жақсы дәстүрі деп осыны айтамыз және ұрпағымызға марқая айтып, мақтанышпен үйретеміз.

Байырғы қазақ емшілері-тұмауды өте жақсы дауалаған. Тұмаудың түрлерін "ыстық тұмау" , "құрғақ ытық тұмау" және "дымқыл ыстық тұмау" деп бөлсе, суық тұмау "құғақ суықтұмау" және "дымқыл суық" деп бөліп тұмаудың мінезіне қарай дәрі беріп, ем жасап дауалаған.

Қазақ емшілерінің бағы замандағы тумауды дауалап, ем-дом жасауында үлкен ғылми сауаттылық болғанын, бүгінгі дамыған медитсина ғылымы да жоққа шығармайды. Қазақтың көне заман емшілері ыстық тұмау болып ауырған адамның денесі қызады, суықтан қорқады, басы аурады, өкпесі қызып қабынып тынымсыж жөтеледі, аузы, ерні, тілі құрғайды, тіл ұсті сарғыш тартады, жұтқыншақ перделері қызарады, шағып аурады, ісінеді, еріндері кеберсиді,сусап шөліркейді, несебі азяды, сарғын түске айналады.т.б. белгілер пайда болады деп қараған. Сол белгілеріне қарай ауырған адамның дигнозын анық айырып ем жүргізетін болған.

Ал суық тұмаумен аурған адамның мұрнынан су ағады, түшкіреді, мұрны бітеді, кеңсірігі қышыйды, тұла бойы тітіркенеді, кеңірдегі қышып жөтеледі, мұрын, кеңсірік, кеңірдек жолындағы пернесі зақымдалады, басы лоқылдап аурады, тер шықпай сүйек-сүйегі қақсап ауырады, тілінде ақшыл өңез пайда болады, көзі тумандап, қарадай шаршап, әлсіреп жата бергісі келіп тұрады, тілі дәм сезу қабілетін төмендетеді, басы айналғандай белгілері пайда болады деп қараған. Бұл бүгінгі жаңа медицина ғылымында да расталып отырмай ма?!

Қазақ емшілерінің мына көнеден қалған ресібіне қараңызшы, тіптен таңғаласыз. Ыстықтұмау тиіп ауырған адамға мынадай тәбиғи дәрілерді қолдан жасап бергенғой:
Үш дана сарымсақ, елу грам күріш, жиырма грам бұршақ ұны, төрт грам қызыл шекер қосып суға қайнатып, күніне екі рет ішкізеді. Осылай бір жұма дауалағанда ауырған адам, ауыруынан ада-күде жазылып, сақайып шыға келетін болған.
Ал суық тұмау тиіп ауырған адамға былай ем жүргізген:
Елу грам қой еті, жүз грам ұн, үш грам қызыл бұрыш, үш дана усарымсақ қосып кеспе көже жасап, күніне екі реттен ішкізеді. Сонда тұмаудан тез айғады. Бұл бағы замандағы қазақ емшілерінің емдеу әдістері болып табылады.

Ыстығы көтеріліп түспесе, ақ бидайды тасбұлақтың суынан алып, сырлы ыдысқа бір бұрық еткізіп қайнатып, күнін бес-алты рет ішкізсе, ыстығы лезде түседі. Осы күнгі финселін сол ақ бидайдан жасалады. Суық райлы дақыл. Ал қызыл бидай ыстық. Оны суық тұмауға қолданған. Ақ бидайға қарағанда қызыл бидайдың қуаты жоғары болады. Көктеп тұрған жас бидайды шайнап жотса да, ауыруға ем болады. Бидай ұжымақтан жерге түскен асыл дән. Қазақ "нан- қан, қан- жан " деп тектен текке айтпаған.

Қазақ ақсақалдары ауыру тарап жатқан ауылда, той-томалақ өткізуге тыйым салады. Ал ауыру тарамаған ауылдар көрші ауыл қаралы болып жатқанда тойды тоқтатады, кейінге қалдырады. "Біреуге мал қайғы, біреуге жан қайғы" болмасын дейді.

Қапияда ауыл ішінде ауыру жоқтырып алғандардың маңдайына қазанның қара күйесін жағып қояды. Сол күйеге қарап, басқа ауырмаған адамдар бірден білетін болған. Ол адамнан алыс аралық сақтап, тұмшаланып жүретін болған. Сырыт басып, ауыру тарап жатқан ауылға қой, сиыр, жылқы сынды малдардың мүйізіне, жалына ақ шөперек байлап, мал айдап кіргізіп жібереді. Өздері бармайтын болған. Бұл заттық және рухани жақтан қиындық көріп жатқан көрші ауылға жасаған ерекше көмектері саналатын тамаша салты болған.

Ел ішіндегі емкөстер Арша, Адыраспан, Жалбыз, Киелі ермен , Итмұрын, Итсигег, Сексеуіл. Т.Б. өсідіктер мен Шубат, Қымыз, Айран, Сүт, Құрт – ірімшік, ет тағадарымен ауырғандарды емдеп жазатындар да болған. Адамы қайтыс болған үйге қаралы ту іліп, басқаларға хабар береді. Қайтқан адамды молалар тұмшаланып барып, жерлейтін болған. Кейбірін аманат етіп қойып, аурудың беті қайтқан да, басқа жаққа жерлеу салты да болған. Бір үйден адамы қалмай қырылып қалғанда үйдің айналасына қара қазанды айнала төңкеріп қояды. Бұл үйде енді қазан асылмайды деген ырым арқылы басқаларға ұқтырған. Қазақ ырымында жәйшылықта қазанды төңкеріп қою жаман ырым, жаман әдет саналатыны болған.

Ауыл ақсақалдары жиналып, ақ сары бас мал шалып, Аллаға жалбарынып, жақсы тілек тілейді. Ала бие шалып ауылды жаман аурудан аластайтын ғұрыптар да болған. "Жаман тұмауға жақсы ас ем" деп, ақ сары бастың сорпа-суына Бұрыш, қара бұрыш, қызыл бұрыш, қалампыр, киелі ермен қосып ішіп, қуаттарын жоғарлататын болған. Суық ұстап құрысып қалған адамдарды, ақ сары бас қойдың жаңа сойылған терісіне орап терлетіп, суығын термен шығарып жазып алатын да болған. Арша бұлау, тас бұлау, құм бұлау, тұз бұлақ, су бұлау т.б. бұлау түрлерімен де ем-дом жасаған, тұмаудың бетін қайтарған. Тау сарымсағы, жабайы жуаларды да ем орына істеткен.

Сіз мына ғажап байқауға қалай таңданбайсыз. Тау суырлары оба ауыруы тараған кезде, құмды аймаққа, жазық далаға барып, сексеуіл қырып інінің аузына көлделең қойып, соны шайнап суын талғажау етіп, нілін сорып содан аман қалады екен. Соны жақсы білген қазақ сексеуілді қиып алып, оған ақтық байлап шаңырақ күлдіреуішіне, есік маңдайшаланына байлап қоятын болған. Сөйтсе жаңбыр жауығанда үйге найзағай, жай оты түспейді екен. Ал жұқпалы ауыру тарағанда сол сексеуілді дәрет құманын салып, дәрет алады, ауызын шайқап, беті - қолын жуады екен, Үйлерін адыраспан, аршамен аластап тазартады екен солай еткенде екі түрлі қауіптен аман қалатын болған. Міне бұл бағы бабалармыздың бүгінгі тілмен айтқанда өте тамаша медициналық тәжірибесі болып табылады.

Қазақ ырымында жаман жазылмас, жұқпалы ауырудан қайтқан, қайтыс болған адамдардың киіміне ақ тамызып , отқа өртеп, күлін жерге көміп тастайтын , әдет- салт та болған. Онысы жаман ауру отпен бірге күлге айналсын деген жақсы ырымы деуге болады. 20-21 жылы коронавирустан қайтқан адамдарды да дәл сол әдіспен жерлегеніміз есімізде.

Жә, мен бұл көне дәстүрді айтқандағы мақсатым - қазір ғылым дамыды. Құдайға шүкір, көп нәрсе қолда бар. Медициналық үлкен орталықтарда жеткілікті. Дәрі - өкіл түрлері мен емдеудің жаңа техонлогиялық әдіс-амалдары да жетіп артылып жатыр. Деседе біздің дана бабалардан қалған әрі қарапайым әрі ғылыми сауатқа сай келетін емдеу әдістерін біле жүргеніміз, әр қазақ баласы үшін еш арттықтық етпейде деп санаймын.

Болат Бопайұлы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір