25 Шілде, 2023 Барлық аймақтар
Фото: Ашық дереккөз
Мысырда тараған белгісіз аурудың себебінен Қазақстандағы әуе рейстерінде бақылау күшейтілді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, аурудың белгісі денге безгегіне ұқсас болып келеді. Жоғары температура, бас айналу, құсу – аурудың алғашқы белгілері. Сол себепті қазір әуежайдағы жолаушылардың дене қызуы тексеріліп, ұшақ салондарында дезинфекция жүргізілуде.
Айта кетсек, қазір безгек ауруына шалдыққан 2 қазақстандық тіркелді. Олардың бірі елордалық болса, енді бірі павлодарлық. Олар инфекцияны Тайландта жұқтырған. Сондай-ақ мамандардың айтуынша, ауруды маса таратады. Сол себепті шетелде жүрген кезде жабық киім киюді және жәндіктерге қарсы құралдарды қолдануды ұсынады.
"Егер санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары температурасы жоғары адамдарды анықтаса, оларды әуежайлардағы медициналық пункттерде дереу тексереді. Егер денге безгегінің белгілері расталса, науқастар қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жіберіледі", дейді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Дарья Әзімбаева.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір