21 Шілде, 2023 NEWS
Фото: sputnik.kz
2024 жылдан бастап Ресейде 30 жасқа дейінгі азаматтар әскерге шақырылатын болады. Бұл туралы Ресей мемлекеттік думасы қорғаныс жөніндегі комитетінің басшысы Андрей Картаполов мәлімдеді.
"Заң жобасын 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енгізу ұсынылып отыр, яғни бұл ережелер күзгі әскерге шақыру науқанына таралмайды. Мәселен 2023 жылы 31 желтоқсанда 27 жасқа толғандарға 1 қаңтардан жаңа заң қолданылмайды. Алғашқы әскерге шақыру – 2024 жылдың көктемі, ол жаңа ережелер бойынша өтеді", - деді Картаполов.
Жаңа норма 2024 жылы көктемгі әскерге шақыру науқанынан бастап күшіне енеді. Заң жобасында әскерге шақыру жасын 18-ден 30 жасқа дейін көтеру көзделген. Тиісті түзету бірінші оқылымда мақұлдады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір