• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 01:15:43
+12°

20 шілдеде Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің туыстары соттың ашықтығын талап етіп, президент әкімшілігіне барды.

Айдос Мелдехан қызының қазасы бойынша басталған сотқа өзін кіргізбей қойғанына қарсы болған. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлады.

Президент әкімшілігінің өкілі Ерғали Назаров Айдос Мелдеханның сауалдарына жауап бермей, арыз қалдыруын сұраған. Айкөркемнің әкесі келесі сот процесіне дейін жауап алмай кетпейтінін айтты. 

Еске сала кетейік, 13 шілдеде Алматы гарнизоны әскери сотында Айкөркем Мелдеханның қазасы бойынша сот процесі басталған еді. Судья Айкөркемнің әкесі мен әпкесін "мемлекеттік құпия" деп, сотқа қатыстырмады. Іс жабық қаралатын болды.  

Қазіргі уақытта Айкөркемнің қазасына байланысты бір әскери қызметкер айыпталып жатыр. Оның үстінен "өкілетін асыра пайдалану" бабы бойынша іс қозғалған. Келесі сот отырысы 26 шілдеде өтеді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір