• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 00:15:28
Алматы
+12°

Абай облысында мемлекеттік бағдарлама бойынша берілген жаңа жалдамалы үйлердің тұрғындары өз өмірлері үшін алаңдайды. Жаңа үйлер өмір сүруге жарамсыз болып қалған. 

Олардың айтуынша, тұрғын үйдегі гипсокартон қабырғалары салбырап, аяқ астынан еден сырғып жатыр. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Телеарна мәліметінше, Көкпекті ауданы орталығының шет жағында салынған жалдамалы үйлер үш жыл бұрын көп балалы және аз қамтылған азаматтарға арналған мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған. Үйлерге тұрғындар бірте-бірте қоныстана бастаған.

Десе де, баспанаға қол жеткізген көп балалы аналар өздерінің және балаларының қауіпсіздігі үшін қорқатынын айтады.

"Үйде әрең қыстадық. Үш рет пеш жарылып, үш рет оны ауыстырдық. Күйенің, судың бәрі осы пешпен ақты... Интернет деген мүлдем жоқ. Бізде электр жарығы жоқ,"-дейді тұрғын Анна Семилетова.

Дәл осындай баспанаға қол жеткізген тағы бір көп балалы отбасы қазір қонақүйде немесе ауладағы киіз үйде түнеп жүргенін жеткізді. Тұрғынның айтуынша, сапасыз ғимаратта тұрудан қорқады.

Тұрғындардың айтуынша, бұл үй сыртынан әдемі көрінеді. Бірақ ішінде құрылыс нормаларын бұзған ондаған факті бар.

Шенеуніктер тұрғындардан сабыр сақтауды сұрап, кемшіліктер түзетілетініне уәде беруде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір