• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 19:30:27
Алматы
+12°

Бүгін ақын, жазушы, ҚР «Ерең еңбегі үшін» медалінің, «Абай» медалінің иегері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тыныштықбек Әбдікәкімұлының туған күні. Ақын мерейлі 70 жасқа толып отыр.

Осыған орай облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев ақынды мерейлі жасымен құттықтап, құрмет көрсетті.

вы

«Тыныштықбек Әбдікәкімұлы Сізді 70 жас мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз мерейлі жасқа толып жатқанда өзіңізбен бетпе-бет кездесіп, көзбе-көз құттықтауды жөн санадық. Әдебиетті бағындыру үшін Алматы немесе Астанаға кетпей-ақ, туған жерде жүріп те қолтаңба қалдыруға болатынын дәлелдеген бірден бір ақын өзіңіз. Сіздің туған жерге деген адалдығыңыз – көпке үлгі-өнеге.Сонау 90-жылдардың басында әдебиет әлеміне атыңызды шығарған «Ақшам хаттары» жыр жинағыңыз бәріміздің есімізде. Одан кейін де көптеген өлеңдер жинағыңыз жарық көрді. Сізге қарап бой түзеп, сізге еліктеп өлең жазғысы келетін артыңызда бірнеше буын өсіп жетілді. Бұның бәрі сіздің қалам ұстаған ой еңбегіңіздің арқасы деп білеміз.Алдағы уақытта да әдеби мұраңыз көбейе беретініне сенеміз. Ең бастысы өзіңізге денсаулық, отбасыңызға амандық тілеймін», - деді Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.

жж

Жазушы шығармашылығының Абай өңірінің тұрғындары үшін алар орны ерекше екені сөзсіз. Оның шығармалары зерттеу жұмысының объектісі, ол өз еңбектерінде дүние жүзіндегі халықтарға ортақ ежелгі қағидалар мен киелі ұғымдарды қазақтың ұлттық дүниетанымы арқылы талдай білген.

Айта кетейік, Тыныштықбек Әбдікәкімұлы 1953 жылы 20 шілдеде Абай ауданында туған. Семей облыстық мәдениет басқармасының ғылыми-методикалық орталығында редактор, Абайдың республикалық тарихи-мәдени, әдеби мемориалдық қорық-музейінде ғылыми қызметкер, республикалық «Алаш үні» газетінде кеңесші және қызметін атқарған.

Тыныштықбек Әбдікәрімұлы Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Қаламгердің «Ақшам хаттары», «Ырауан», «Алқоңыр дүние», «Бесінші маусым жұпары» атты жыр жинақтарының, Қазақтың ұлттық дүниетанымы арқылы өзінше саралап-сараптауға тырысқан «Қас Сақ Аңқымасы» атты еңбектері және басқа да шығармалары жарық көрген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Абай облысы ақын

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір