20 Шілде, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Алматыдағы альпинизм федерациясы Іле Алатауындағы Нұрсұлтан шыңының аты Алматы шыңы деп өзгергені туралы кейбір ақпарат құралдары таратқан ақпаратты теріске шығарды.
Осыған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Нұрсұлтан шыңы ескі атауына - Алматы шыңы деп өзгертілгені туралы ақпарат пайда болған еді. Алайда федерация бұл мәлімдемені жоққа шығарды.
"Құрметті достар, биыл 8-9 шілдеде Алматы альпинизм федерациясы Іле Алатауының бір шыңында - қаланың визит картасы Алматы шыңында Альпиниада өткізді, ол Комсомол шыңы (1935-1997 жылдары), Нұрсұлтан шыңы (1997 жылдан қазіргі уақытқа дейін) деп те аталады. Әртүрлі дереккөздерде шың үш атаумен аталады. Бұл ретте Алматы шыңы, мұрағаттық деректерге сәйкес, шыңның тарихи бірінші атауы (1935 жылға дейін).
Федерация құзыретіне географиялық нысандар атауын өзгерту кірмейді. Алайда, федерацияның веб-сайтындағы техникалық қатеге байланысты, деректерді тексермей, бұқаралық ақпарат құралдары шыңның атауы өзгертілгені туралы ақпарат таратты. Салдарынан шатасу пайда болды. Қазіргі уақытта географиялық нысандардың ресми тізіміне сәйкес бұл шың Нұрсұлтан шыңы деп аталады", - деп хабарлады Альпинизм федерациясы.
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы альпинистермен бірге Комсомол шыңына шыққан соң шыңның атын Нұрсұлтан шыңы деп өзгерткен.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір